LG H955 Owner's Manual

Page of 490
99
Параметрлер
Жалпы
< ДЕРБЕС >
Тіл және енгізу
Тіл және енгізу параметрлерін телефондағы мәтіннің тілін таңдау
және экрандық пернетақтаны, соның ішінде сөздікке қосқан
сөздерді конфигурациялау үшін пайдаланыңыз.
Тіл – телефонда пайдаланылатын тілді орнатады.
Әдепкі – мәтінді енгізгенде пайдаланылатын әдепкі
пернетақтаны орнатуға мүмкіндік береді.
LG пернетақта – мәтін енгізу үшін LG пернетақтасын таңдау
үшін құсбелгі қойыңыз. Төмендегі параметрлерді өзгерту үшін
параметрлер белгішесін түртіңіз:
Google voice typing – мәтін енгізу үшін Google дауыспен теру
мүмкіндігін таңдау үшін құсбелгі қойыңыз. Google дауыстық
параметрлерін өзгерту үшін «Параметрлер» белгішесін
түртіңіз.
Дауыспен іздеу – дауыспен іздеу опцияларын орнатады.
Мәтінді сөзге айналдыру шығысы – таңдаулы сөйлеу
механизмін және сөйлеу жылдамдығын (өте баяудан өте
жылдамға дейін) орнатады. Сондай-ақ сөз синтезінің қысқаша
көрсетілімін ойнатады.
Меңзердің жылдамдығы – жүгіргі жолағын пайдаланып
меңзер жылдамдығын орнатуға мүмкіндік береді.
Орын
GPS, Wi-Fi және мобильді желілерді пайдаланып болжалды
орныңызды анықтау үшін орынды анықтау қызметтерін басқаруға
мүмкіндік береді.