LG H955 Owner's Manual

Page of 490
101
Параметрлер
LG пернетақта – пернетақтаны құрылғының оң немесе сол
жағына жылжытуға мүмкіндік беру үшін құсбелгі қойыңыз. Бір
немесе екінші жағына жылжыту үшін көрсеткіні түртіңіз.
Экранды құлыптау – PIN құлыптау экраны пернетақтасын
құрылғының оң немесе сол жағына жылжытуға мүмкіндік беру
үшін құсбелгі қойыңыз. Бір немесе екінші жағына жылжыту
үшін көрсеткіні түртіңіз.
Анықтама – бір қолмен пайдалануға қатысты ақпаратты
көрсетеді.
Жылдам перне
Экран өшіп немесе құлыптанып тұрғанда «Дыбыс деңгейі»
түймесін басып тұрып, қолданбаларға жылдам өтіңіз. Экранның
жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Жылдам перне» қосқышын
(Жылдам перне қосқышының кескіні) түртіп, оны
Қосу немесе
Өшіру күйіне ауыстырыңыз.
< ҚҰПИЯЛЫҚ >
Қауіпсіздік
Мазмұнды құлыптау – Галереядағы файлдарды құлыптау
үшін құлыптау түрлерін таңдаңыз. Мыналардың бірін
таңдаңыз:
Кілтсөз немесе Графикалық үлгі.
Телефонды шифрлау – телефондағы деректерді қауіпсіздік
үшін шифрлауға мүмкіндік береді. Телефонды қосқан сайын
оны шифрсыздандыру үшін сізден PIN не құпия сөз енгізу
қажет етіледі.
SD карта сақтау орнын шифрлау. – SD картасын шифрлауға
және деректерді басқа құрылғылар үшін қолжетімді емес етіп
сақтауға мүмкіндік береді.