Zanussi CPZ6466KX User Manual

Page of 48
Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ! Бұл құрылғыны тек
білікті маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан
жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз.
Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ
киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
3