Zanussi CPZ6466KX User Manual

Page of 48
кезде қызған заттарды немесе оттың
жалынын алыс ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,
кенет жарылыстың орын алуына себеп
болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май, бірінші рет қолданылып
отырған майға қарағанда, төмен
температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш
зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ! Құрылғыны бүлдіріп
алуыңыз мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
• Ыстық табаның қақпағын пештің ыстық
әйнек бетіне қоймаңыз.
• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап
кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетне
зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе
ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойыннан, алюминийден
жасалған немесе астына нұқсан келген
ыдыстар, шыны / шыны керамика бетке
сызат түсіреді. Бұндай заттарды
құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту
керек.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы.
Басқа мақсатта, мысалы бөлмені қыздыру
үшін қолдануға болмайды.
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғыны тазалардан бұрын сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
• Қызмет көрсету алдында құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді
және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкелерді, еріткіштерді немесе
металл заттарды пайдаланбаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАСТАУ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу немесе
тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны қоқысқа дұрыс тастауға
қатысты ақпаратты жергілікті әкімшілік
мекемеге хабарласып алыңыз.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
• Құрылғыға жақын орналасқан электр
сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
СЕРВИС
• Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді
қолданыңыз.
5