Samsung GE83KRQW-2 User Manual

Page of 192
Казақ - 22
ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫ/ПІСІРУ
Келесі кестеде Денсаулыққа пайдалы пісіру функциясы/пісіру бағдарламалары, 
тағамның мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.
1. Көкөністер/Дәнді дақылдар
Код/Тағам Үстелге тарту 
мөлшері
Нұсқаулар
1-1
Брокколи
250 г
Жас брокколиді жуып тазалап, гүлдерін бөліңіз. Оларды 
қақпағы бар, шыны шараға біркелкі таратып салыңыз.  
250 г пісірген кезде 30 мл (2 ас қасық) су қосыңыз. 
Шараны бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз.  
Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін 
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-2
Сәбіз
250 г
Сәбіздерді шайып, тазалап, біркелкі етіп тураңыз.  
Оларды қақпағы бар, шыны шараға біркелкі таратып 
салыңыз. 250 г пісіру үшін 30 мл (2 ас қасық) су құйыңыз. 
Шараны бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз.  
Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп болғаннан кейін 
араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-3
Жасыл 
бұршақ
250 г
Жасыл бұршақтарды шайып, тазалаңыз. Оларды қақпағы 
бар, шыны шараға біркелкі таратып салыңыз. 250 г пісіру 
үшін 30 мл (2 ас қасық) су құйыңыз. Шараны бұрылмалы 
табақтың ортасына қойыңыз. Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп 
болғаннан кейін араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-4
Шпинат
150 г
Шпинатты шайып, тазалаңыз. Қақпағы бар, шыны 
ыдысқа салыңыз. Су қоспаңыз. Шыныаяқты бұрылмалы 
табақтың ортасына қойыңыз. Бетін жауып пісіріңіз. Пісіріп 
болғаннан кейін араластырыңыз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
1-5
Өзегі 
алынбаған 
жүгері
250 г
Өзегі алынбаған жүгеріні шайып, тазалап, сопақ шыны 
ыдысқа салыңыз. Микротолқын таспасымен жауып, 
таспаны тесіңіз. 1-2 минут қоя тұрыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту 
мөлшері
Нұсқаулар
1-6
Аршылған 
картоптар
250 г
Картоптарды жуып, аршып, бірдей етіп тураңыз.  
Оларды қақпағы бар, шыны ыдысқа салыңыз.  
45-60 мл (3-4 ас қасық) су қосыңыз. Шыныаяқты 
бұрылмалы табақтың ортасына қойыңыз.  
Бетін жауып пісіріңіз. 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-7
Қоңыр 
күріш
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын қолданыңыз.  
Суық судан екі есе көп құйыңыз (250 мл). Бетін жауып 
пісіріңіз. Қоя тұрар алдында араластырыңыз және тұз, 
дәмдеуіш шөп қосыңыз. 5-10 минут қоя тұрыңыз.
1-8
Еленбеген 
ұн 
макароны
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын қолданыңыз. 
Қайнаған судан 500 мл құйыңыз, бір шөкім тұз салып, 
жақсылап араластырыңыз. Бетін жаппай пісіріңіз. 
Араластырғаннан кейін қоя тұрыңыз, содан кейін суын 
әбден сорғытыңыз. 1 минут қоя тұрыңыз.
1-9
Квиноа
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын қолданыңыз.  
Суық судан екі есе көп құйыңыз (250 мл). Бетін жауып 
пісіріңіз. Қоя тұрар алдында араластырыңыз және тұз, 
дәмдеуіш шөп қосыңыз. 1-3 минут қоя тұрыңыз.
1-10
Булгур
125 г
Қақпағы бар, үлкен шыны пеш ыдысын қолданыңыз.  
Суық судан екі есе көп құйыңыз (250 мл). Бетін жауып 
пісіріңіз. Қоя тұрар алдында араластырыңыз және тұз, 
дәмдеуіш шөп қосыңыз. 2-5 минут қоя тұрыңыз.
1-11
Көкөніс 
гратині
500 г
Алдын ала пісірілген картоп тілімдері, кәді және қызанақ 
тілімдері тәрізді көкөністерді, тұздықты өлшемі сай 
келетін шыны пирекс ыдысқа салыңыз. Үстіне үккіштен 
өткізілген ірімшік қосыңыз. Ыдысты торға қойыңыз.  
2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-12
Гриль 
қызанағы
400 г
Қызанақтарды шайып, тазалап, жартыға бөліп, пеш 
ыдысына салыңыз. Үстіне үккіштен өткізілген ірімшік 
қосыңыз. Ыдысты тордың үстіне қойыңыз.  
1-2 минут қоя тұрыңыз.
GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd   22
2015-01-29     9:25:26