Samsung GE83KRQW-2 User Manual

Page of 192
Казақ - 24
СОРПА/СУСЫН ФУНКЦИЯСЫ/ПІСІРУ
Келесі кестеде Сорпа/Сусын функциясы/Пісіру бағдарламалары, тағамның 
мөлшері, қоя тұру уақыты мен тиісті ұсыныстар берілген.
1. Сорпа/Сусын
Код/Тағам Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
1-1
Ботқа
260 г
Кебір орыс ботқасы «Геркулес» – 50 г, қант – 5 г,  
тұз – 0,5 г, қайнаған су – 200 мл, суық сүт – 100 мл 
Нұсқаулар
Шыныаяқ тәрізді ыдысқа құрғақ ботқаны, қант пен тұзды салыңыз. Қайнап 
тұрған судан, сүттен қосып, жақсылап араластырыңыз. Пісіре бастаңыз.
1-2
Солянка
340 г
(1)  Ұзыншалап туралған пияз – 45 г, сиыр етінің сорпасы 
немесе құрғақ концентрат қосылған су -350 мл
(2)  Каперсник – 7 г, тұздалған, туралған қияр – 50 г, 
қызанақ езбесі – 10 г, қара зәйтүн – 16 г, қара зәйтүн 
сұйығы – 20 мл, лавр жапырағы – 1 дана, ет жинағы 
– 30 г, сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су – 350 мл 
Нұсқаулар
Үлкен шараға пияздан салып, қайнап тұрған сорпаны (1) құйыңыз.  
Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естіле сала келесі құраластарды 
(2) салыңыз. Жақсылап араластырып, сорпадан құйып, лавр жапырағын 
салыңыз да, жалғастырып пісіріңіз. 
1-3
Борщ
340 г
(1)  Туралған қызылша – 50 г, ұзыншалап туралған 
қырыққабат – 20 г, туралған сәбіз – 15 г, ұзыншалап 
туралған пияз – 10 г, қызанақ езбесі – 15 г, қант – 5 г
(2)  Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су – 650 мл, лавр жапырағы – 1 дана,  
егер қаласаңыз 9 % – 5 мл орыс сіркесуы
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың (1) барлығын салыңыз да, қайнаған 
сорпаны құйып пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде лавр 
жапырағын қосыңыз. Жақсылап араластырып, пісіруді жалғастырыңыз.
Код/Тағам Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
1-4
Тауық етінен 
жасалған 
көже
350 г
Вермишель – 10 г, тауықтың қоң еті – 50 г,  
туралған сәбіз – 15 г, ұзыншалап туралған пияз – 10 г,  
тауық сорпасы немесе құрғақ концентрат қосылған 
су – 440 мл 
Нұсқаулар
Үлкен шараға вермишельді салыңыз да, қайнаған сорпаны құйыңыз. 
Қалған құраластардың барлығын қосыңыз.  
Жақсылап араластырыңыз да, пісіре бастаңыз.
1-5
Щи
350 г
(1)  Ұзыншалап туралған қырыққабат – 45 г, туралған 
сәбіз – 15 г, ұзыншалап туралған пияз – 10 г,  
ұзынша картоптар – 25 г, қызанақ езбесі – 10 г, сиыр 
етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат – 400 мл
(2)  Сиыр етінің сорпасы немесе құрғақ концентрат 
қосылған су – 100 мл, лавр жапырағы – 1 жапырақ
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың (1) барлығын салыңыз да, қайнаған 
сорпаны құйыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген 
кезде жақсылап араластырып, ет сорпасын құйып, лавр жапырағын(2) 
салыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.
1-6
Көкөніс 
сорпасы
350 г
Мұздатылған көкөністер – 150 г, көкөніс сорпасы немесе 
құрғақ концентрат қосылған су – 300 мл 
Нұсқаулар
Үлкен шараға құраластардың барлығын салыңыз да, қайнаған сорпаны 
құйыңыз. Пісіре бастаңыз.
1-7
Кәріс рамён 
кеспесі
120 г
(1 орам)
Кәріс рамён кеспесі 1 орам,  
су (бөлме температурасында) – 550 мл
Нұсқаулар
Орамды ашып, кеспені салыңыз, судың барлығын құйып (550 мл), 
микротолқынға төзімді шыныаяққа құйыңыз. Жақсылап араластырыңыз. 
Таспамен жауып, бірнеше жерінен тесіңіз. Содан кейін микротолқынды 
пешке салып, пісіре бастаңыз.
GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd   24
2015-01-29     9:25:27