Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
21
3D
21.1
Сізге не қажет
Бұл — белсенді 3D теледидары. Бұл теледидарда 3D
бағдарламаларды және фильмдерді толық анықтығы
жоғары ажыратымдылықта көруге болады.
3D пішімін көру үшін…
• 3D түрінде бағдарламаларды тарататын теледидар
арнасына реттеңіз.
• желідегі бейне дүкенінен 3D пішіміндегі фильмді жалға
алыңыз.
• 3D пішіміндегі фильмді 3D Blu-ray дискісінен, USB
құрылғысынан немесе компьютерден ойнатыңыз. 
Сондай-ақ, осы теледидарда 3D көру үшін сізге осы Philips
Active 3D көзілдірік түрлерінің бірі қажет. . .
• PTA507
• PTA508
• PTA509
• PTA517
• PTA518
• PTA519
• PTA529 
Барлық түрлер бөлек сатылады. Басқа брендтердің
белсенді 3D көзілдірігі үшін қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
21.2
3D көзілдірігі
Шолу
1 -  , қосу немесе өшіру, ЖШД шамы
2 - Player 1/2 (1/2-ойыншы), 1-ойыншыны немесе
2-ойыншыны таңдау.
3 - Қабылдағыш объективі
4 - Батарея орны 
3D көзілдірігін қораптан шығарған кезде, батарея орнынан
шағын пластик қабықшаны да алып тастаңыз.
Қосу және өшіру
3D көзілдірігін қосу үшін,  басыңыз.
Көзілдіріктің теледидардың 3D таратқышындағы 3D
сигналына реттелуі үшін бірнеше секунд қажет. Бірінші
пайдаланған кезде 15 секундқа дейін уақыт алуы мүмкін.
Батарея деңгейі
 
 
Батарея деңгейін 3D көзілдірікті қосқанда тексеруге
болады.
• Егер жарық диоды жасыл болып жыпылықтаса,
көзілдірікті 4 сағат немесе одан артығырақ пайдалануға
болады.
• Егер ЖШД шамы қызғылт сары болып жыпылықтаса,
көзілдірікті кемінде 2 сағат, 4 сағаттан аз пайдалануға
болады.
• Егер жарық диоды қызыл болып жыпылықтаса, батарея
қуаты таусылуға жақын және 2 сағаттан аз уақытқа 3D
қарауға болады.
Өшіру
 
 
3D көзілдірігін өшіру үшін  түймесін басыңыз. Жарық
диод шамы 4 рет қызыл болып жыпылықтайды. 3D
көзілдірігі 3D сигналдарын 2 минут қабылдамаса,
көзілдірік автоматты түрде өшеді.
3D таратқыш
Көзілдіріктің ортасындағы қабылдағыш линза 3D
сигналдарды қабылдай алатынын тексеріңіз.
Сондай-ақ, теледидардағы 3D таратқыштан заттарды ары
алыңыз.
Бөлінген экранда ойнау
Осы көзілдірікпен бөлінген экрандағы ойындарды ойнауға
болады. Екі ойыншы бір теледидарды қосып, бір ойынның
екі бөлек экранын көре алады.
Көзілдірікті 1-ойыншы немесе 2-ойыншы экранын көруге
ауыстыру үшін көзілдірікті қосып, Player 1/2 түймесін
басыңыз.
• Егер ЖШД шамы қызғылт болса және үздіксіз 2 минут
жанып тұрса, көзілдірік 1-ойыншы үшін орнатылады.
• Егер ЖШД шамы қызғылт болып жыпылықтаса, көзілдірік
2-ойыншы үшін орнатылады.
Батареяларды ауыстыру
Батареяны ауыстыру үшін батарея қақпағының кішкентай
түймесін босатып, ашу үшін қақпағын жылжытыңыз.
Батареяны ауыстырыңыз: CR2032 (3 В) түрі. Батареяның +
жағы көрінетінін тексеріңіз. Қақпақты орнына салып, сырт
еткен дыбыс шыққанша жылжытыңыз.
Ескерту
 
 
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылыс қаупі болады.
Тек тура сондай немесе балама батарея түрімен
ауыстырыңыз.
Қауіпті
 
• Батареяны жұтпаңыз. Химиялық күйік алу қатері бар.
• Бұл өнімнің тиын/түйме тәрізді күн батареясы бар. Егер
түйме тәрізді батареяны жұтып қойса, 2 сағат ішінде іштен
қатты күйдіріп, өлімге дейін апаруы мүмкін.
• Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан
68