Philips 40PFT6550/12 Manuel D’Utilisation

Page de 116
• Спирт, еріткіш, беттік белсенді құрал, парафин, бензин,
сұйылтқыш, масалардан қорғау құралы немесе майлайтын
құрал бар тазалайтын химиялық құралдарды
пайдаланбаңыз. Бұл химиялық заттар түстің бұзылуына
немесе жарықтардың пайда болуына апаруы мүмкін.
21.6
Денсаулыққа қатысты ескерту
• Алты жасқа толмаған балалардың 3D режимінде
көрмегені жөн.
• Сіз немесе сіздің отбасыңыз қояншық немесе жарық
сезгіштіктен ауырсаңыз, жарық көздеріне, жылдам кескін
ретіне шықпастан бұрын немесе 3D көрместен бұрын
медицина қызметкерімен кеңесіңіз.
• Кез келген жайсыздық сезілген жағдайда, 3D бейнесін
көруді тоқтатып, симптомдар жоғалғанша, ықтимал қауіпті
ешбір іс-әрекетке бірден қатыспаңыз (мысалы, көлік
жүргізу). Симптомдар жоғалмаса, алдымен дәрігерге
қаралмастан, 3D бейнелерін көруді жалғастырмаңыз.
• Бас айналуы, бас ауруы немесе бағдардың бұзылуы
сияқты ыңғайсыздықты болдырмау үшін ұзақ уақыт 3D
бейнесін көрмеуіңізді ұсынамыз.
• 3D көзілдірігін 3D теледидарын көруден басқа ешқандай
мақсатта пайдаланбаңыз.
• Әдетте түзеткіш көзілдірік кисеңіз немесе контакт
линзаларды пайдалансаңыз, 3D көзілдірігін осы
көзілдірікпен немесе линзалармен бірге киіңіз.
• Шағын бөліктерін немесе батареяларын жұтып қоюды
болдырмау үшін көзілдірікті балалардан алыс ұстаңыз.
• Ата-аналар 3D бейнені көру кезінде балаларын бақылауы
керек және олардың жоғарыда аталған жайсыздыққа
ұшырамауын қамтамасыз етуі керек. 3D бейнесін көру
алты жастан кіші балаларға ұсынылмайды, себебі олардың
көру жүйесі әлі толық жетілмеген.
• Көз инфекциясы немесе контакт арқылы берілген басқа
аурулар (мысалы, коньюнктивит, бас паразиттері, т. б.)
жағдайында 3D көзілдірігін кимеңіз. Тек инфекцияны
толығымен кетірген кезде ғана 3D көзілдірігін қайта
пайдаланыңыз.
70