LG LG-D682 Manuel Du Propriétaire

Page de 403
29
Басты экранды реттеу
Негізгі экранды қосымшалар, жүктеулер, виджеттер қосу немесе тұсқағаздарды 
өзгерту арқылы реттеуге болады. 
Негізгі экранға элементтер қосу үшін
1  
Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз. 
2  
Режим қосу мәзірінде қосқыңыз келген элементті таңдаңыз. Содан кейін бұл 
қосылған элемент басты экраннан көрінеді.
3  
Оны керек жерге алып барып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС! Қосымшалар мәзірінен басты экранға қосымшаның белгішесін қосу үшін 
қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз.
Негізгі экраннан элементті жою үшін
X
Басты экран > жойылатын белгішені түртіп, ұстап тұрыңыз > оны 
 
сүйреңіз.
Қосымшаны жылдам перне ретінде қосу үшін 
X
Қосымшалар мәзірінен немесе негізгі экранда қосымша белгішесін басып 
тұрып, оны жылдам перне аумағына алып барыңыз. 
Қосымшаны жылдам перне аумағынан жою үшін
X
Қажетті жылдам пернені басып тұрып, оны 
 аумағына алып барыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. 
   
Қосымшалар пернесін жоюға болмайды.
Негізгі экранда қосымшалар белгішелерін реттеу үшін
1  
Қосымша белгішесі ағымдағы орнынан босағанша, оны басып тұрыңыз. Сосын 
оны экранға алып барыңыз. Өңдеу белгішесі 
 қосымшаның жоғарғы оң жақ 
бұрышында пайда болады.
2  
Қосымша белгішесін қайтадан басып, қажетті белгішенің дизайны мен өлшемін 
таңдаңыз. 
3  
Өзгерісті сақтау үшін 
OK түймесін түртіңіз.