LG LG-D682 Manuel Du Propriétaire

Page de 403
31
Хабарландырулар тақтасын ашу
Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағында төмен жанап өтіңіз. 
Жылдам ауыстыру аумағы
Жылдам ауыстыру пернесін қосу/өшіру үшін оны басыңыз. Функцияның 
баптаулар мәзіріне өту үшін пернені басып тұрыңыз. Басқа ауыстыру 
пернелерін көру үшін солға не оңға қарай сипаңыз. Ауыстыру пернелерін 
жою, қосу немесе қайта реттеу үшін   опциясын түртіңіз.
QSlide қосымшалары
Экранда кішкентай терезе етіп ашу үшін QSlide қосымшасын түртіңіз. 
QSlide қосымшаларын жою, қосу немесе қайта реттеу үшін   опциясын 
түртіңіз.
Барлық хабарландыруды өшіру үшін түртіңіз. 
Хабарландырулар
Ағымдағы хабарландырулардың әрқайсысы қысқаша сипаттамасымен 
тізімде берілген. Хабарландыруды көру үшін оны түртіңіз. 
Хабарландырулар тақтасын жабу үшін қойындыны түртіп, экранның 
үстіне қарай жылжытыңыз.  
Күй жолағындағы индикатор белгішелер
Экранның жоғарғы жағындағы күй жолағындағы индикатор белгішелер 
қабылданбаған қоңыраулар, жаңа хабарлар, күнтізбе оқиғалары, құрылғының күйі 
және т.б. туралы есеп береді. 
Экранның жоғарғы жағында көрсетілген белгішелер құрылғының күйі туралы ақпарат 
береді. Төмендегі кестеде тізілген белгішелер ең жиі пайдаланылады.