LG LG-D682 Manuel Du Propriétaire

Page de 403
33
ЕСКЕРТПЕ: күй жолағындағы белгішелердің орны функцияға немесе қызметке 
сай басқаша болуы мүмкін.
Экрандағы пернетақта
Мәтінді экрандық пернетақта арқылы енгізуге болады. Экрандағы пернетақта мәтін 
енгізу керек болғанда экранда автоматты түрде пайда болады. Пернетақтаны 
қолмен көрсету үшін мәтін енгізетін жердегі мәтін жолын түртіңіз.
Пернетақтаны пайдалану және мәтін енгізу
 Енгізілетін келесі әріпті бас әріпке өзгерту үшін бір рет түртіңіз. Барлық әріптерді 
үлкейту үшін екі рет түртіңіз.
 Таңбалар пернетақтасын ауыстырып қосу үшін түртіңіз.
  Пернетақта баптаулар қатынасу үшін түртіңіз.
 Бос орын енгізу үшін түртіңіз.
 Жаңа жол жасау үшін түртіңіз.
 Алдыңғы таңбаны жою үшін түртіңіз.
Арнайы таңбалары бар әріптерді енгізу
Мәтінді енгізу тілі ретінде француз немесе испан тілін таңдағанда, арнайы француз 
немесе испан таңбаларын (мысалы, «á») енгізуге болады.
Мысалы, «а» әрпін енгізу үшін «а» пернесін үлкейту пернесі үлкенірек болғанша 
және әр түрлі тілдердің таңбаларын көрсеткенше түртіп ұстап тұрыңыз. 
Сосын қажетті арнайы таңбаны таңдаңыз.