LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
23
22
Телефонды қосу және өшіру
Телефонды қосу
Телефонның артындағы 
Қуат/Құлып пернесін экран 
қосылғанша бірнеше секунд басып тұрыңыз.
Телефонды өшіру
1  
Телефонның артындағы 
Қуат/Құлып пернесін телефон 
опциялары мәзірі көрсетілгенше басып тұрыңыз.
2  
Телефон опциялары мәзіріндегі 
Өшіру опциясын түртіңіз.
3  
Телефонды өшіру қажет екенін растау үшін 
OK опциясын 
түртіңіз.
Nano SIM картасын салу 
Ұялы телефонның қызмет провайдерімен қамтамасыз етілген 
Nano SIM картасын салыңыз.
 
ЕСКЕРТУ
• 
Nano SIM картасы ұясына жад картасын салмаңыз. Егер жад 
картасы Nano SIM картасы ұясына салынса, жад картасын алып 
тастау үшін LG қызмет көрсету орталығына құрылғыны апарыңыз.
1  
Телефонмен келетін (немесе жіңішке түйреуіш) nano SIM 
картасын шығару құралын шығару түймесінің саңылауына 
салып, науа шыққанша мықтап, бірақ жайлап итеріңіз. 
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Шығару түймесі — науа есігінің сәл жоғарысындағы шағын 
дөңгелек саңылау. 
2  
Nano SIM карта науасын тартыңыз. 
3  
Науаға nano SIM картасын салыңыз (жоғарғы кескінде 
көрсетілгендей). 
4  
Nano SIM карта науасын салыңыз. 
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Nano SIM картасын салу немесе алу алдында телефонды өшіріңіз. 
 
ЕСКЕРТУ
• 
Nano SIM картасы науасын алу кезінде абай болыңыз. Шығару 
құралы өте үшкір. 
Батареяны зарядтау
Бірінші рет пайдаланбай тұрып батареяны зарядтаңыз. 
Батареяны зарядтау үшін зарядтағышты пайдаланыңыз. 
Сонымен қатар, телефонды USB кабелімен қосу арқылы 
батареяны зарядтауға компьютерді пайдалануға болады.