LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Негізгілер
25
24
 
ЕСКЕРТУ
• 
LG мақұлдаған зарядтағыштарды, батареяларды және кабельдерді 
ғана пайдаланыңыз. Егер мақұлданбаған зарядтағыштарды, 
батареяларды немесе кабельдерді пайдалансаңыз, батареяның 
кідіріспен зарядталуына себеп болуы мүмкін. Болмаса, бұл 
батареяның жарылуына немесе кепілдікке кірмейтін құрылғының 
зақымдауына себеп болуы мүмкін.
Зарядтағыш қосқышы телефон төменгі жағында орналасқан. 
Зарядтағышты салыңыз да, қуат розеткасына қосыңыз.
Батареяның қызмет мерзімін 
оңтайландыру
Фонда үнемі қосылып тұруға тиісті емес мүмкіндіктерді өшіріп, 
батареяның жұмыс мерзімін ұзартыңыз. Қосымшалар мен 
жүйелік ресурстардың батарея қуатын пайдалану тәсілін 
реттеуге болады.
Телефон батареясының жұмыс мерзімін ұзарту:
• 
Пайдаланбаған кезде радио байланыстарын өшіріңіз. Егер 
Wi-Fi, Bluetooth® немесе GPS функциясын қолданбасаңыз, 
оларды өшіріңіз.
• 
Экранның жарықтығын азайтып, экранның сөнетін мерзімін 
қысқартыңыз.
• 
Gmail, Күнтізбе, Контактілер және басқа қосымшалардың 
автоматты түрде синхрондалу мүмкіндігін ажыратыңыз.
• 
Жүктеп алынған кейбір қосымшалар батареяның қуатын 
тұтынуы мүмкін.
• 
Жүктелген қосымшаларды пайдаланғанда, батареяның 
зарядталу деңгейін тексеріңіз.
Жад картасын салу
Құрылғы 2 ТБ-қа дейінгі microSD картасын қолдайды. Жад 
картасы өндірушісіне және түріне байланысты кейбір жад 
карталары құрылғымен үйлесімсіз болады.
 
ЕСКЕРТУ
• 
Кейбір жад карталары құрылғымен толығымен үйлесімді 
болмайды. Үйлесімсіз картаны пайдалану құрылғыға немесе жад 
картасына зақым келтіруі мүмкін не сақталған деректерді бұзуы 
мүмкін.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Деректерді жиі жазу және жою жад карталарының қызмет мерзімін 
қысқартады.
1  
Телефонмен келетін (немесе жіңішке түйреуіш) жад 
картасын шығару құралын шығару түймесінің саңылауына 
салып, науа шыққанша мықтап, бірақ жайлап итеріңіз. 
2  
Жад картасы науасын тартыңыз. 
3  
Науаға жад картасын салыңыз (жоғарғы кескінде 
көрсетілгендей).