LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
Баптаулар
74
3  
Күй жолағы Wi-Fi күйін білдіретін белгішелерді көрсетеді.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Егер Wi-Fi ауданында болмасаңыз немесе Wi-Fi өшіп тұрса, 
құрылғы автоматты түрде интернетке деректер ақыларын алатын 
мобильді деректермен қосылуы мүмкін.
Wi-Fi Direct
Wi-Fi Direct қосымшасы кіру нүктесінсіз Wi-Fi қосылған 
құрылғылар арасында тікелей байланысты қамтамасыз етеді.
• 
 > Қосымша Wi-Fi > Wi-Fi Direct тармағын таңдаңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Осы мәзірде болған кезде құрылғы Wi-Fi Direct құрылғылары 
жанындағы басқа құрылғыларға көрінеді.
Bluetooth
Bluetooth — құлақаспаптар, қолсыз көлік жинақтары, Bluetooth 
қосулы құлақаспаптар, компьютерлер, принтерлер және 
сымсыз құрылғылар сияқты Bluetooth құрылғыларына сымсыз 
түрде қосылуға мүмкіндік беретін қысқа ауқымды байланыстар 
технологиясы. 
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Bluetooth байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе 
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың 
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап 
бермейді.
• 
Үнемі деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. 
• 
Құрылғылар арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы 
қысқартылады.
• 
Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы 
сыналмағандары немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен 
үйлесімді болмауы мүмкін.
Телефонды басқа Bluetooth құрылғысымен 
жұптастыру
1  
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Bluetooth 
тармағын түртіңіз.
2  
Bluetooth функциясын қосу және қол жетімді Bluetooth 
құрылғыларын іздеуді бастау үшін 
 опциясын түртіңіз. 
• 
Бұған қоса, ауқымдағы көрінетін құрылғыларды анықтау 
керек болса, 
ІЗДЕУ пәрменін түртіңіз.
3  
Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз. Жұптастыру сәтті 
болған кезде телефон басқа құрылғыға қосылады. 
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Екі Bluetooth құрылғысы арасындағы жұптастыру — бір реттік 
процесс. Жұптастыру жасалған кезде құрылғылар серіктестік 
анықтауды және ақпарат алмасуды жалғастырады.
• 
Жұптасу режимі мен құпия код (әдетте 0 0 0 0 – төрт нөл) туралы 
ақпаратты Bluetooth құрылғысымен бірге берілген құжаттан 
қараңыз.
Bluetooth арқылы деректер жіберу
1  
Контакт немесе медиа файл сияқты файл немесе элемент 
таңдау.
2  
Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді 
таңдаңыз.
3  
Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.
 ЕСКЕРТПЕ 
• 
Басқа Bluetooth үйлесімді құрылғылардың түрлі сипаттамалары 
мен мүмкіндіктеріне байланысты дисплей мен операциялар әр 
түрлі болуы мүмкін және тасымалдау немесе алмасу сияқты 
функциялар барлық Bluetooth үйлесімді құрылғылармен істемеуі 
мүмкін.
Bluetooth арқылы деректер алу
1  
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Bluetooth 
тармағын түртіңіз.