LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
Баптаулар
76
2  
Bluetooth функциясын қосу үшін 
 опциясын түртіңіз.
3  
Жіберу құрылғысынан жұптастыру талпынысын қабылдауға 
сұрау аласыз. 
ҚАБЫЛДАУ опциясының таңдалғанын 
тексеріңіз.
Мобильді деректер
Деректер қолданысын көрсетеді және мобильді деректер шегін 
орнатады.
• 
Мобильді деректер қосылымын қосу немесе өшіру 
үшін 
 опциясын түртіңіз. Бұл мобильді деректердің 
пайдаланылуын басқаруға мүмкіндік береді. Деректердің 
орнына Wi-Fi желі қосылымын пайдалануға болады.
Қоңырау
Әр түрлі қоңырау параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік 
береді.
Баптаулар экранында Желілер қойындысы > Қоңырау шалу 
тармағын түртіңіз.
• 
Дауыс поштасы қызметі: жеткізушінің дауыс поштасы 
қызметін таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Бекітілген теру нөмірлері - телефоннан қоңырау шалуға 
болатын нөмірлердің тізімін басқаруға және жасауға 
мүмкіндік береді. Осы үшін оператордан алынатын PIN2 
коды қажет болады. Іске қосылса, телефоннан тек тізімде 
бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
• 
Кіріс қоңырауының қалқымасы: қосымша 
пайдаланылып жатқанда кіріс қоңырауының қалқымалы 
терезесін көрсетеді.
• 
Қоңырауды ажырату: қоңырауды қабылдамау 
функциясын орнатуға болады.
• 
Хабармен бірге қабылдамау: егер қоңырау 
қабылданбаса, осы функцияны пайдаланып тез хабарлама 
жіберуге болады. Бұл жиналыс кезінде қоңырауды 
қабылдамау керек болған жағдайда пайдалы.
• 
Қоңырауды бұру: қай кезде қоңыраулардың бағытын 
өзгерту керектігін таңдауға мүмкіндік береді.
• 
Автоматты жауапшы: қосылған хэндсфри құрылғысы кіріс 
қоңырауына автоматты түрде жауап берместен бұрынғы 
уақытты орнатыңыз.
• 
Қосылым дірілі: екінші тарап қоңырауға жауап бергенде 
телефонды дірілдетеді.
• 
Белгісіз нөмірлерді сақтау: қоңыраудан кейін белгісіз 
нөмірлерді контактілерге сақтау.
• 
Қуат пернесі қоңырауды аяқтайды: қоңырауларды 
аяқтау үшін қуат пернесін пайдалануға мүмкіндік береді.
• 
Кіріс қоңырауы күтуде: келген қоңыраулардың дыбысын 
өшіру мақсатында құрылғыны жабуға мүмкіндік беру үшін 
қосыңыз.
• 
Қоңырауға тыйым сал: кіріс, шығыс немесе халықаралық 
қоңырауларды құлыптайды.
• 
Қоңырау ұзақтығы: қоңыраулардың түрлері үшін телефон 
арқылы сөйлесу ұзақтығын көруге мүмкіндік береді.
• 
Қосымша параметрлерҚоңырау шалушының 
идентификаторы немесе Қоңырауды күттіру, т.б. сияқты 
келесі параметрлерді өзгертуге мүмкіндік береді.