LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
Баптаулар
90
• 
Белгісіз көздер: Play Store қызметінен алынбаған 
қосымшаларды орнатуға рұқсат етіңіз.
• 
Қосымшаларды растау: зиян келтіруі мүмкін 
қосымшаларды орнатудан бұрын рұқсат етпеу немесе 
ескерту.
• 
Сақтау орнының түрі: сақтау орнының түрін көрсетеді.
• 
Сертификатты басқару: қауіпсіздік куәліктерін басқаруға 
мүмкіндік береді.
• 
Сенімді агенттер: экранның құлпын ашпастан 
пайдаланылатын қосымшаларды таңдаңыз.
• 
Контактілі экран: контактілі экран арқылы белгілі бір 
қосымша экранын көрсететін етіп құрылғыны қосуға 
болады. 
• 
Қолдану қатынасы бар қосымшалар: телефонда 
қосымшаларды пайдалану ақпаратын көруге рұқсат береді.
Күн мен уақыт
Күн мен уақыттың көрсетілу жолының таңдауларын 
орнатыңыз.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Күн мен уақыт 
тармағын түртіңіз.
Storage (Сақтау құрылғысы)
Құрылғыдағы пайдаланылған және қолжетімді ішкі жадыны 
бақылауға болады.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Сақтау орны 
тармағын түртіңіз.
ІШКІ САҚТАУ ОРНЫ
• 
Жалпы орын: мәтін және түспен кодталған гистограмма 
пішінінде телефонның ішкі жадындағы жалпы бос орынды 
және қолжетімді бос орынды көрсетеді. Тиісті қосымшалар 
және олармен пайдаланылатын бос орын мөлшері әрбір 
құрылғы пайдаланушысы астында тізімделеді.
SD КАРТАСЫ
• 
Жалпы орын: жад картасындағы жалпы бос орын 
мөлшерін және қалған қолжетімді бос орынды көрсетеді.
• 
SD картасын орнату/шығару: SD картасын орнатуға және 
шығаруға мүмкіндік береді.
• 
SD картасын өшіру: SD картасындағы барлық деректерді 
өшіруге мүмкіндік береді.
Батареяны және қуатты үнемдеу
Ағымдағы батарея күйін, сондай-ақ қалған заряд пен зарядтау 
күйін көрсетеді.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Батарея және 
энергия сақтау тармағын түртіңіз.
• 
Батареяны қолдану: батареяны қолдану деңгейін және 
батареяны қолдану мәліметтерін көрсетеді. Егжей-тегжейлі 
ақпаратты көру үшін элементтердің біреуін түртіңіз.
• 
Күй жолағындағы батарея пайызы: батарея белгішесінің 
жанындағы күй жолағынан батарея зарядының пайыздық 
көрсеткішін көрсету үшін белгілеңіз.
• 
Батарея сақтаушы: қосу немесе өшіру үшін Батарея 
сақтаушы қосқышын түртіңіз. Батарея сақтаушыны 
автоматты түрде қосатын батарея зарядының пайыздық 
деңгейін орнатады.
• 
Анықтама: батарея үнемдегіш мүмкіндігі үшін 
анықтамалық ақпаратты көрсетеді. 
Қосымшалар
Телефонға орнатылған қосымшалар туралы мәліметтерді 
көруге, олардың деректерін реттеуге және оларды тоқтатқызуға 
мүмкіндік береді. 
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Қосымшалар 
тармағын түртіңіз.