LG H650E Guida Utente

Pagina di 402
Баптаулар
Баптаулар
92
Әдепкі хабар қосымшасы 
Бұл мәзір әдепкі хабарлар қосымшасы ретінде қолданылатын 
хабарлар қосымшасын таңдауға мүмкіндік береді. 
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Әдепкі хабар 
алмасу қосымшасы тармағын түртіңіз.
Сақтық көшірме және қайта орнату
Баптаулар мен деректерді басқару үшін параметрлерді 
өзгертіңіз.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Сақтық көшірме 
және қайта орнату тармағын түртіңіз.
• 
LG сақтық көшірме қызметі: барлық ақпараттың сақтық 
көшірмесін құрылғыңызға сақтайды және оны деректер 
жоғалғанда немесе ауыстырғанда қалпына келтіреді. Егер 
қосымша ақпарат керек болса, 
Қосымшалар ішінен LG 
Backup бөлімін қараңыз.
• 
Деректерге резервтік көшірме жасау: Google 
серверлеріне қосымша деректері, Wi-Fi құпия сөздері мен 
басқа параметрлердің сақтық көшірмелерін жасау.
• 
Есептік жазбаның сақтық көшірмесін жасау: ақпаратты 
сақтық көшіруге пайдаланылатын ағымдағы есептік 
жазбаны көрсетеді.
• 
Автоматты түрде қайта орнату: қосымшаны қайта 
орнатып жатқанда, сақтық көшірмесі жасалған 
параметрлер мен деректерді қалпына келтіріңіз.
• 
Зауыттық деректерді қалпына келтіру: параметрлерді 
зауыттық әдепкі мәндеріне қайтарады және барлық 
деректерді жояды. Егер телефонды осы әдіспен қалпына 
келтірсеңіз, сізден алғашқы рет Android жүйесін қосқанда 
сұралған ақпаратты қайта енгізуіңізді сұрайды.
Телефон туралы
Құқықтық ақпаратты қарап, телефон күйін және бағдарламалық 
құралдарды тексеріңіз және бағдарламалық құралды 
жаңартыңыз.
Баптаулар экранында Жалпы қойындысы > Телефон 
ақпараты тармағын түртіңіз.
Құқықтар мен қауіпсіздік
Реттеу мәліметтері үшін телефонда 
Баптаулар > Баптаулар 
Телефон ақпараты > Реттеу және қауіпсіздік тармағына 
өтіңіз.