Zanussi ZEV6140NBA Manuale Utente

Pagina di 48
Мазмұны
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
 Сақтық шаралары
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс
орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған
жарақат немесе зақымдарға өндіруші жауапты емес.
Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз
және қол жетімді жерде сақтаңыз.
Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар мен
физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, құрылғыны
қауіпсіз пайдалану және одан келетін ықтимал қауіп-
қатер туралы нұсқау алса және/немесе қадағалау үстінде
болса пайдалана алады.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап,
қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,
балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз. Қол
жететін бөлшектері ыстық.
Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,
оны қосу керек.
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын
бақылаусыз орындамауы керек.
3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды жұмыс
істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс ұстау керек.
12
www.zanussi.com