LG G3 D855 oro ユーザーガイド

ページ / 537
6
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы 
(ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 
2 Вт/кг.
Осы телефон моделінің сыналған ең жоғары МСК мәні: құлақтың 
жанында — 0,291 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,269 Вт/кг 
(10 г).
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе 
киімнен кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері 
бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе 
ұстағыш ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек 
және өнімді киімнен кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер 
файлдарын немесе хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы 
сапалы желі байланысын қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер 
файлдарын немесе хабарларды тасымалдау осындай байланыс қол 
жетімді болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша, 
жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары 
орындалатынын тексеріңіз.
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
 
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты 
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану 
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті 
болуы мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет 
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар