LG G3 D855 oro ユーザーガイド
7
•
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
•
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан
алшақ жерде ұстаңыз.
•
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен аулақ
жерде сақтау керек.
•
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды сөндіріңіз.
Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
•
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға болмайды.
Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты зақымдауы мүмкін.
•
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені
гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
•
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш немесе
спирт қолданбаңыз).
•
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
•
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
•
Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында ұстамаңыз,
ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
•
Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл телефонды
зақымдауы мүмкін.
•
Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге қоймаңыз.