Philips 55PUT4900/12 사용자 설명서

다운로드
페이지 66
Y Pb Pr - Audio L R
Ойын консолін компоненттік бейне кабель (Y Pb Pr) және
дыбыстық L/R кабелі көмегімен теледидарға жалғаңыз.
CVBS - Audio L R
Ойын консолін композиттік кабель (CVBS) және
теледидарға арналған дыбыстық L/R кабелінің көмегімен
теледидарға қосыңыз.
Үздік параметр
Қосылған ойын консолінен ойын ойнауды бастау
алдында Game (Ойын) параметрінде теледидар орнату
ұсынылады.
Теледидарды ыңғайлы параметрге реттеу үшін…
1.  түймесін басыңыз, сосын  Setup (Орнату) пәрменін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. TV settings (ТД параметрлері) > Picture (Сурет) >
Advanced (Қосымша) > Activity style (Әрекет мәнері)
тармағын таңдаңыз.
3. Game (Ойын), Computer (Компьютер) немесе TV
(Теледидар) опциясын таңдаңыз. TV (Теледидар)
параметрі теледидар қарауға арналған сурет
параметрлерін қайтарады.
4. Қажет болса, мәзірді жабу үшін  түймесін қайталап
басыңыз.
3.9
USB қатты дискісі
Сізге не қажет
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар
таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады.
Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар
таратылымы (DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы
тиіс.
Кідірту
 
 
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 32 ГБ қатты диск
бос орны бар USB 2.0 портымен үйлесімді қатты диск
қажет.
Жазу
 
 
Таратылымды кідірту және жазу үшін кемінде 250 ГБ
дискідегі бос орын қажет.
Теледидар нұсқаулығы
 
 
Жазу үшін USB қатты дискісін сатып алмас бұрын еліңіздегі
сандық теледидар арналарын жазуға болатынын тексеріп
алыңыз.
Қашықтан басқару құралындағы  TV GUIDE түймесін
басыңыз. Егер теледидар нұсқаулығы бетінде Record
(Жазба) түймесі болса, жазуға болады.
 
Орнату
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін қосу және пішімдеу қажет.
1. USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2. USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3. Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген болса,
 (Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті пішімдеуді
бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
Ескерту
 
 
12