Philips 55PUT4900/12 사용자 설명서

다운로드
페이지 66
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер бағдарламасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
 
Пішімдеу
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін қосу және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB
қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Ескерту
 
 
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер бағдарламасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
USB қатты дискісін пішімдеу…
1. USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2. USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3. Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген болса,
 (Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті пішімдеуді
бастайды. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
3.10
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
 қосылымдарының біреуіне USB флеш жадын қосыңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұндар тізімі автоматты түрде пайда болмаса, 
 SOURCES түймесін басып, USB тармағын таңдаңыз да, OK
түймесін басыңыз.
USB жад құрылғысының мазмұнын көруді тоқтату үшін 
 EXIT түймесін басыңыз немесе басқа әрекетті таңдаңыз.
USB жад құрылғысын ажырату үшін оны кез келген уақытта
суырып алуға болады.
 
 
3.11
Бейне камера
HDMI
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
CVBS - Audio L R
Бейнекамераны теледидарға жалғау үшін Бейне-дыбыс
L/R кабелін пайдаланыңыз.
3.12
Компьютер
Жалғау
Компьютерді теледидарға қосып, теледидарды компьютер
мониторы ретінде қолдануға болады.
HDMI арқылы
 
 
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVI - HDMI арқылы
 
 
13