Zanussi ZOG521317X Manual Do Utilizador

Página de 56
Белгі
Функция
150 °C
- 250
°C
Температура мәндерін орнату
ауқымы.
Тұмшапештің газ оттығын жағу
Тұмшапеш қауіпсіздігі құралы:
Газ тұмшапеші термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын сөніп
қалғанда, газдың берілуін
тоқтатады.
1. Газды басқару тетігін басып, 
қалпына бұраңыз.
2. Газды басқару тетігін, термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан аз
уақыт басып ұстап тұрыңыз. Бұлай
істемесеңіз, газ берілмей қалады.
Тетікті жалын пайда болғанша
босатпаңыз.
Тұмшапеш функцияларының
тетігін 15 секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің оттығы 15
секундтан кейін жанбаса,
тұмшапеш функцияларының
тетігін босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып, кем
дегенде 1 минуттан кейін
тұмшапештің оттығын тағы бір
рет жағып көріңіз.
Пеш газының оттығын жаққаннан
кейін
1. Газды басқару тетігін босатыңыз.
2. Газды басқару тетігін бұрап, қажетті
қызу параметрін орнатыңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
Желдеткішті пайдалану
Газ оттығы тұмшапештің ішіндегі
ауаны қыздырады.
Температураны біркелкі ұстау
үшін желдеткіш ыстық ауаны
таратып тұрады.
1. Пеш газының оттығын жағыңыз.
2. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функцияларының тетігін   қалпына
бұраңыз.
Гриль жасау
1. Тұмшапеш функциясының тетігін сағат
тілінің бағытымен   қалпына бұрап, ең
жоғары температураны орнатыңыз.
2. Гриль мен шұңғыл науаның
сырғытпасының деңгейін қалыңдығы әр
түрлі тағамға лайықтап реттеңіз.
Тағамды жылдам пісіру үшін үстіңгі
қыздырғыш элементке жақын және
баппен пісіру үшін одан алыс қойыңыз.
• Ауа барынша жақсы ауысу үшін және
тағамды майы мен сөлінен бөлу үшін
тағамның көбін шұңғыл науаға салып,
оны тор сөреге қою керек. Егер
қаласаңыз, балық, бауыр және бүйрек
тәрізді тағамдарды шұңғыл науаға тура
салуға болады.
• Тағамның май-сөлі шашырамас үшін
тағамды қақтамас бұрын мұқият кептіру
керек. Пісіру барысында кебір болып
кетпес үшін майсыз еттер мен балыққа
шамалы өсімдік майын немесе сары май
жағыңыз.
• Етті қақтаған кезде қызанақ және
саңырауқұлақ тәрізді қосымшаларды
тордың астына салуға болады.
• Нанды қыздырған кезде үстіңгі
сырғытпаны пайдалану керек.
• Тағамды пісіру барысында қажетінше
аударып отыру керек.
Гриль индикаторы
Грильмен пісіру функциясы таңдалғаннан
кейін гриль индикаторы жанады. Ол пеш
қажетті температураға дейін қызған кезде
өшеді. Одан соң жанып-сөну арқылы
қажетті температураның реттелгенін
көрсетеді.
8
www.zanussi.com