Zanussi ZOG521317X Manual Do Utilizador

Página de 56
Сағат функциялары
Минут операторы
Тұмшапеш функциясының кері санақ
уақытын орнату үшін пайдаланыңыз.
Бұл функция құрылғының
жұмысына әсер етпейді.
Таймердің тетігін шегіне дейін бұраңыз да,
содан кейін қажетті уақытқа бұраңыз.
Уақыт аяқталған кезде дыбыстық сигнал
естіледі.
Керек-жарақтарды қолдану
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Бұрылмалы істікті қолдану
ЕСКЕРТУ!
Бұрылмалы істікті пайдаланған
кезде абай болыңыз.
Шанышқылары мен істігі өткір.
Жарақат алу қаупі бар.
ЕСКЕРТУ!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A
B
C
D
A. Бұрылмалы істіктің жақтауы
B. Шанышқылар
C. Істік
D. Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
www.zanussi.com
9