Справочник Пользователя для Samsung WB380F

Скачать
Страница из 168
 
  1
Ескерту - өзіңіздің немесе басқалардың жарақаттануына әкелуі 
мүмкін жағдайлар
Камераны бөлшектемеңіз немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Камераны зақымдап, өзіңізді электр тогының соғу қаупіне төндіруіңіз 
мүмкін.
Камераны өртенгіш немесе жарылғыш газдар мен сұйықтықтардың 
қасында қолданбаңыз.
Бұл өртке немесе жарылысқа себеп болуы мүмкін. 
Камера ішіне өртенгіш заттарды енгізбеңіз немесе оларды 
камераның қасында сақтамаңыз.
Бұл электр тоғының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
Камераны су қолмен ұстамаңыз.
Бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
Адам көзіне зақым келтіруді болдырмаңыз.
Жарқылды адамдар мен жануарларға жақын (1 метр жақын) қолданбаңыз. 
Жарқылды адам көзіне тым жақын қолдану көздің уақытша немесе 
созылмалы жарақаттануына әкелуі мүмкін.
Камераны жас балалар мен үй жануарларынан алыс ұстаңыз.
Камера мен барлық керек-жарақтарды жас балалар мен жануарлардан 
алыс ұстаңыз. Кіші бөлшектерді жұтып қойған жағдайда, бұл тұншығуға 
немесе қауіпті жарақатқа себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ бөлшектер мен 
керек-жарақтарды жылжыту дене жарақатына әкелуі мүмкін.
Камераны ұзақ уақыт бойы тікелей күн сәулесінің астында немесе 
жоғары температурада ұстамаңыз.
Камераны күн сәулесінің астында немесе қысылтаяң температурада ұзақ 
уақыт бойы ұстау камераның ішкі құрамдас бөліктерінің бұзылуына әкелуі 
мүмкін.
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпті жағдайларды болдырмау және камераның жоғары өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі сақтық шаралары мен қолдану бойынша кеңестерді 
әрдайым орындаңыз.