Справочник Пользователя для Samsung WB380F

Скачать
Страница из 168
 
  2
 Денсаулық сақтау және қауіпсіздік туралы ақпарат
Камераны немесе зарядтағышты көрпе немесе киіммен жабуды 
болдырмаңыз.
Камера қызып кетіп, деформациялануы мүмкін немесе бұл өртке әкелуі 
мүмкін.
Найзағай кезінде екі тарамды ток сымын немесе зарядтағышты 
ұстамаңыз.
Бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
Камераға сұйықтық тиген немесе бөгде заттар енген жағдайда, 
батарея немесе зарядтағыш сияқты барлық қуат көздерін ажыратып, 
Samsung қызмет орталығына хабарласыңыз.
Камераның белгілі бір аймақтағы қолданысын шектейтін барлық 
ережелерді сақтаңыз.
•  Басқа электрондық құрылғылармен қайшы келуден сақтаныңыз.
•  Ұшақ ішінде камераны өшіріңіз. Камера ұшақ жабдығына бөгеуілдер 
тудыруы мүмкін. Әуе жолының барлық ережелерін сақтап, камераны әуе 
жол қызметкерлері сұраған кезде өшіріңіз.
•  Камераны медициналық жабдық қасында өшіріңіз. Камера ауруханалар 
немесе денсаулық сақтау мекемелеріндегі медициналық жабдыққа 
бөгеуілдер тудыруы мүмкін. Барлық ережелерді сақтап, қабырғаға ілінген 
ескертулерді және медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.
Кардиостимуляторларда бөгеуілдер тудыруды болдырмаңыз.
Өндіруші және зерттеу топтары ұсынғандай ықтимал кедергілердің 
алдын алу үшін бұл камера мен барлық кардиостимуляторлар арасында 
қашықтықты сақтаңыз. Егер камераңыз кардиостимулятормен немесе 
медициналық жабдықпен қайшы келеді деп күдіктенуіңізге себеп болса, 
дереу камераны өшіріп, нұсқаулық үшін кардиостимулятор немесе 
медициналық жабдық өндірушісіне хабарласыңыз.