LG D724 用户指南

下载
页码 399
51
Күрделі параметрлерді пайдалану
Көрініс іздегіште қосымша параметрлерді ашу үшін   белгішесін түртіңіз. Камера 
параметрлерін тізімді жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Нашар жарықтандыру жағдайларында жақсырақ фотосурет түсіру үшін 
бірнеше экспозицияда түсірілген фотосуреттерді бір оңтайлы фотосуретке 
біріктіреді. 
Сурет ажыратымдылығын таңдайды. Егер жоғары ажыратымдылықты 
таңдасаңыз, файл өлшемі артады, яғни,
жадта азырақ фотосурет сақтай аласыз.
Суретке түсіру үшін келесі сөздердің біреуін айтыңыз: чиз, смайл, виски, 
кимчи немесе LG.
Түсіру түймешігі басылғаннан кейінгі кідірісті орнатады. Бұл суретке 
қосылу үшін қолайлы.
Оны көлденеңінен және тігінен сақтау мақсатында жақсырақ суреттер 
түсіру үшін оңай пайдалануға болады. 
Функцияның қалай істейтінін білу үшін анықтамалық нұсқаулықты ашады.  
КЕҢЕС!
Параметр мәзірі көрініс іздегіштің үстінде болады, осылайша сурет түсін немесе 
сапа элементтерін өзгерткенде Баптаулар мәзірінің артында өзгертілген суреттің 
алдын ала қарауын көресіз.
Фотосуретке жылдам түсіру 
1  
Камера қолданбасын ашып, линзаны суретке түсіргіңіз келген затқа бағыттаңыз.
2  
Фокус жақтаулары бейнеіздегіш экранының ортасына шығады. Кез келген жерді 
түртіп, сол нүктені де фокустауға болады.
3  
Фокустау жақтауы көкке боялғанда камера түсірілетін нысанды фокустады.
4  
Фотосуретті түсіру үшін   түртіңіз.