LG LGH422 Betriebsanweisung

Seite von 432
28
Негізгі экраныңыз
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту – саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, 
төте жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді 
таңдайды.
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет 
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
Сүйреу – элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, 
саусақты көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше 
экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда 
элементтерді сүйреуге болады.
Жүргізу немесе сырғыту – жүргізу (жанап өту) немесе 
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда 
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
Екі рет түрту – веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі 
рет түртіңіз.
Масштабтау үшін шымшу – шолғышты, карталар 
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді 
шолу кезінде үлкейту немесе кішірейту үшін шымшу не ашу 
қозғалысымен екінші саусағыңыз бен бас бармағыңызды 
пайдаланыңыз.
Экранды бұру – көп қосымшаларда және мәзірлерде 
экранның бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай 
реттеледі.
Негізгі экраныңыз