LG LGH422 ユーザーガイド
28
Негізгі экраныңыз
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
•
Түрту – саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді,
төте жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді
таңдайды.
•
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз.
•
Сүйреу – элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да,
саусақты көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше
экранда жылжытыңыз. Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда
элементтерді сүйреуге болады.
•
Жүргізу немесе сырғыту – жүргізу (жанап өту) немесе
сырғыту үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты экранда
тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз).
•
Екі рет түрту – веб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі
рет түртіңіз.
•
Масштабтау үшін шымшу – шолғышты, карталар
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді
шолу кезінде үлкейту немесе кішірейту үшін шымшу не ашу
қозғалысымен екінші саусағыңыз бен бас бармағыңызды
пайдаланыңыз.
•
Экранды бұру – көп қосымшаларда және мәзірлерде
экранның бағдары құрылғының физикалық бағдарына сай
реттеледі.
Негізгі экраныңыз