LG LGH736 Betriebsanweisung

Seite von 442
44
Google тіркелгісін орнату
5  
Google есептік жазбасын орнатқаннан кейін телефон Интернеттегі 
Google есептік жазбасымен автоматты түрде қадамдастырылады 
(деректер байланысы қолжетімді болған жағдайда).
Кіргеннен кейін, телефон Gmail, Contacts, Google Calendar сияқты 
Google қызметтерімен қадамдастырылады. Сондай-ақ, телефонда 
Maps қосымшасын пайдалануға, Play Store торабынан қосымшалар 
жүктеп алуға, параметрлерді Google серверлеріне сақтық көшірмелер 
жасауға және басқа Google қызметтерінің артықшылықтарын 
пайдалануға болады. 
МАҢЫЗДЫ
• 
Күнтізбе сияқты кейбір қосымшалар сіз қосқан бірінші Google есептік 
жазбасымен ғана жұмыс істейді. Егер телефонмен бір Google есептік 
жазбасынан көп қолдануды жоспарласаңыз, алдымен дәл сол 
пайдаланғыңыз келген қосымшаға жазылғаныңызды тексеріңіз. Жүйеге 
кіргенде, контактілеріңіз, Gmail хабарларыңыз, Күнтізбе оқиғалары 
және вебтегі осы қолданбалар мен қызметтердің басқа ақпараттары 
телефонмен синхрондалады. Егер орнату кезінде Google есептік 
жазбасына кірмесеңіз, Gmail немесе Play Store сияқты Google есептік 
жазбасын қажет ететін қосымшаны бірінші рет іске қосқанда, сізге 
Google есептік жазбасына кіру немесе оны жасау ұсынылады.
• 
Егер сізде компания немесе басқа ұйым арқылы қауымдық есептік 
жазба болса, Ақпараттық технологиялар бөлімінде осы есептік жазбаға 
жазылу туралы арнайы нұсқаyлар болу керек.