Polaris PHS 0119 RK+фен PHD 2243 TDi Benutzerhandbuch

Seite von 19
11 
 
 
ҚОСУ/ӨШІРУ    ауыстырып-қосқышын  1  қалыбына  қарай  жылжытыңыз.  Қосу 
индикаторының қызыл шамы жанады. 
 
1 минуттың ішінде құралдың жұмыс беті максималды  температураға дейін қызу керек. 
 
Бұйралау, 1 әдіс, автоматты түрде айналу арқылы. 
 
Бір  уыс  шашты  алып  (қалыңдығы  1,5-2см),  оны  қысқышымен  қысыңыз.  Шаштарыңыз  таза 
болуы тиіс. 
 
Содан кейін оң бағытты көрсеткен, ішке қарай бұйралау немесе  сол бағытты көрсеткен сыртқа 
қарай  бұйралау  батырмасын  басып,  ұстап  тұрыңыз.  Сіз  батырманы  басып,  ұстап  тұрғанда 
қысқыш бірнеше рет айналады. Айналуын тоқтату үшін батырманы жіберіңіз. 
 
Осылайша әрекетті қайталап, шашыңызды бұйралаңыз. 
 
Бұйралау, 2 әдіс, автоматты түрде айналу арқылы. 
 
Бір  уыс  шашты  алып  (қалыңдығы  1,5см),  оның  ұшын  қысқышымен  мықтылап  қысыңыз. 
Шаштарыңыз  таза  болуы  тиіс.  Батырмасын  басыңыз  содан  кейін  жіберіңіз  (бір  рет  айналу 
батырмасы –суретті қараңыз). Қысқыш бір рет толық айалады. 
 
Бұйралау, 3 әдіс, автоматты түрде айналу арқылы. 
 
Бір  уыс  шашты  алып  (қалыңдығы  1,5-2см),  оны  қысқышымен  қысыңыз.  Шаштарыңыз  таза 
болуы тиіс. 
 
Шашыңызды әдеттегідей, батырманы баспай, қысқыштың тұтқасын бұрау арқылы бұйралаңыз. 
 
Бұйралап  болған  соң  құралды  өшіру  үшін    ауыстырып-қосқышын  0  қалыбына  ауыстырып 
қойыңыз. Құралды желіден ажыратыңыз. 
    Құралдың сыртқы беті бүлінбес үшін шашты қатыратын құралдарды бұйралап болған соң ғана 
қолданыңыз. 
    Құралдың сыртқы беті бүлінбес үшін шашты әсемдейтін  құралдарды бұйралап болған соң ғана 
қолданыңыз. 
 
 
Тазарту және күту 
 
 
Тазарту алдында құралды желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды құрғақ шүберекпен сүртіңіз. 
 
Осы әрекеттерді әр қолданғаннан кейін қайталаңыз. 
 
Абразивті жуғыш құралдарын қолданбаңыз. 
 
Құралды ешқашан суға батырып салмаңыз. 
 
Ескертпе:  Пайдалану  мерзімі  аяқталғаннан  кейін    электр  құралын  әдеттегі  тұрмыстық  
қалдықтармен  бірге      лақтырмай,  жоятын  ресми  пунктке  өткізіңіз.  Сөйтіп,  Сіз  қоршаған  ортаны 
сақтауға  көмектесесіз. 
 
  
Техникалық сипаттамасы 
 
Кернеу 220 – 240 В. 
Жиілік: ~ 50 Гц. 
Қуаты: 35 Вт. 
Жұмыс температурасы – 200
0
 
Ескертпе:  Өзгерістер  мен  жетілдіруді  енгізудің  ұдайы  үрдісінің  орын  алуынан,  нұсқаулық  пен 
бұйымның  арасында  қандай  да  бір  айырмашлық  байқалуы  мүмкін.  Өндіруші,  тұтынушының  бұған 
назар аударатынына үлкен үміт  артады.