Polaris PHS 0119 RK+фен PHD 2243 TDi Benutzerhandbuch

Seite von 19
 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды  ыстықтан,  тіке  түскен  күг 
сәулесінен,  сүйiр  бұрыштарға  соғылудан,  ылғалдылықтан  (ешқашан  суға  және  басқа  да 
сұйықтықтарға батырып салмаңыз) сақтаңыз. .  Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды.  Құрал 
дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды суға 
малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман  тексеріп 
шығуы керек.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    қондырмаларды  орнатқанда  немесе  алғанда,  тазартқанда  немесе 
сынып қалса, әрдайым желіден ажыратыңыз. 
 
Аталмыш  құрал  құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен 
тәжірибесі  жоқ  немесе  жүйке  жүйесінде  немесе  психикалық,  физикалық  ауытқулары  бар 
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына  арналмаған.  Балалардың құралмен ойнауына 
жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.    
 
Құралды    желілік  сымнан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан  ұстап  
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды  желіден ажыратқанда штепсельді  ашадан ұстаңыз.   
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау үшін 
сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды  тек  қана  білікті    мамандар  -  сервис  орталығының  қызметкері  ғана  ауыстыра  алады. 
Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге  ұшыратуы  
мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
 
Құралды тек қана тұрмыста пайдаланыңыз.  
 
Құрал жұмыс істеп тұрғанда ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.  
 
Пайдалану  барысында  құралдың  жұмыс  істейтін  беті  қатты  қызады.  Күйіп  қалмас  үшін  қызып 
тұрған бөліктерін қолыңызбен ұстамаңыз. 
 
Құрал қызып тұрған кезде  пайдаланбасаңыз оны жанбайтын бетке тіреуішіне орнатыңыз. 
 
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 
 
Құралды жасанды шаштарды немесе париктерді әсемдеу үшін пайдаланбаңыз. 
 
Құралды пайдалану барысында шашты әсемдейтін лак және т.б. құралдарды қолдануға болмайды. 
 
Құралды пайдаланғанда шашыңыз құрғақ болуы тиіс. 
 
 
Пайдалану саласы 
 
Құрал  осы  Нұсқаулыққа  сәйкес,  тек  қана    тұрмыста  қолдануға    арналған.  Құралды  өнеркәсіптік 
мақсатта  пайдалануға болмайды.  
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде 
туындаған  залал үшін жауапты емес.