Philips HP 6570/00 SatinPerfect Benutzerhandbuch

Seite von 76
6
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Philips SatinPerfect эпиляторы Еуропада бүгінгі әйелдердің қажеттеріне және жоғарғы 
инженерлік стандарттарға сай жасалған. Өнім сапасын барынша жақсарту мақсатымен өнімді 
дамыту және өндіру жұмысына әлемдегі көптеген әйелдерді тарттық. Осылайша өнімдеріміз 
туралы олардың ойларын білетін боламыз.
Жаңа SatinPerfect эпиляторы түктерді жақсы жұлып, теріні тамаша және ұзақ уақытқа тегіс 
етеді. 
Эпилятор өте сапалы және озат функциялармен толықтырылған. Эпилятордың басы терінің 
едәуір бөлігін басады, ал оның дискілері керамикалық материалдан жасалған. Осының 
арқасында, ең ұсақ түктерді жақсы қысып, тегіс және оңай жұлады. Түктер түбімен жұлынып, 
қайта өскенде жіңішке және көрінбейтін болады.
SatinPerfect эпиляторының басы иілген түрде жасалып, дене пішіндеріне икемделеді. Оның 
қысымды бақылайтын элементі тамаша нәтижеге қол жеткізу үшін түктерді тұрақты 
жылдамдықта жұлады. Құрылғының құрамындағы «Opti-light» шамы ең кішкентай түктерді 
жіберіп алуға мүмкіндік бермейді. 
Белсенді түк жұлғыш құралдың алдыңғы жағындағы түкті жұлатын элемент дірілдеп, массаж 
жасайды және денеге жабысып қалған түктерді көтеріп, оңай жұлады. Белсенді түк жұлғыш 
құралдың артқы жағындағы белсенді массаж доңғалақшасы дірілдеп, түктердің жұлынған 
жеріндегі тітіркенуді басады. 
Дененің пішініне қарай айналатын ыңғайлы ұшы терімен жақсы түйісіп, түктерді оңай алады 
және аяқтың ұзақ уақытқа дейін тегіс болуын қамтамасыз етеді.
Құралдың ұшындағы түктерді дайындайтын элемент теріні тартып, түктерді жұлынуға 
дайындайды. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Эпилятор
B  Жылдамдық параметрлерінің көрсеткіштері
C  Қосу/өшіру түймесі
 - «II» жылдамдық күйіне қосу үшін бір рет басыңыз
 - «I» жылдамдық күйіне қосу үшін екі рет басыңыз
D  Қолайлы шам 
e  Эпиляция жасайтын бас
F  Босату түймесі 
G  Негізгі эпилятор ұшы
H  Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасы (тек HP6572)
i  Тегістеу тарағы (тек HP6572)
J  Қолайлы құрал қапшығы
k  Түк туралы оқулық
L  Массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құрал
M  Белсенді массаж доңғалақшасы
N  Белсенді түк жұлғыш
o  Тазалайтын тарақ 
P  Адаптер
Q  Сәнді дорба (көрсетілмеген)
Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны 
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
ҚазаҚша