Philips HP 6570/00 SatinPerfect Benutzerhandbuch

Seite von 76
Қауіпті
 - Құралды және адаптерді құрғақ күйінде сақтаңыз.
 - Бұл құралды суы бар бақалшақтың немесе ваннаның жанында қолдануға 
болмайды (Cурет 2).
 - Бұл құралды ваннаға немесе душқа түсіп жатқанда қолдануға болмайды (Cурет 3).
 - Эпиляторды ваннада қолданғанда электр қуаты сымын қолдануға болмайды (Cурет 4).
Ескерту
 - Эпиляторды тек берілген адаптермен зарядтау қажет.
 - Құрал, қосымша немесе адаптер зақымдалған немесе сынған болса, жарақат алмас үшін 
оларды қолданбаңыз.
 - Егер адаптер зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны түпнұсқалық түрімен 
ғана ауыстырған жөн.
 - Адаптерде трансформер бар. Адаптерды кесіп алып тастап, оның орнына басқа шанышқы 
қоюға болмайды, себебі бұл өте қауіпті жағдай туғызады.
 - Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін 
вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 - Бұл құралды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз 
адамдарға (балаларды қоса) қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе 
құралды пайдалану жөнінде нұсқауымен ғана қолдануға болады.
 - Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
абайлаңыз
 - Эпилятор тек әйел денесінің мойыннан төменгі бөліктеріндегі түктерді жұлып (аяқтар), 
қырады (қолтықтар және бикини тұсы, тек HP6572). Құралды бұдан басқа мақсаттарда 
қолданбаңыз.
 - Тазалық мақсатымен, бұл құралды тек бір адам ғана қолдануы тиіс.
 - Зақымдану мен жарақаттың алдын алу үшін қосулы құралды (қосымша бөлшектерімен 
немесе оларсыз) шашыңыздан, қастарыңыздан, кірпіктеріңізден, киімдеріңізден, жіптерден, 
арқаннан, щеткадан және т.б. нәрселерден алшақ ұстаңыз. 
 - Алдын ала дәрігермен кеңеспей, құралдарды тітіркенген, қан тамырлары ісінген, бөртпелері, 
дақтары, меңдері (түгі бар) немесе жарақаттары бар теріге пайдалануға болмайды. 
 - Иммунитеті төмен, қант диабетімен, гемофилия немесе иммунитет жетіспеушілігі 
синдромымен ауыратын адамдар да алдымен дәрігермен кеңесу керек.
 - Эпиляторды алғашқы рет қолданған кезде, теріңіз кішкене қызаруы немесе тітіркенуі 
мүмкін. Бұл әбден қалыпты көрініс және ол тез арада жоқ болады. Құралды көбірек 
қолданған сайын теріңіз эпиляцияға үйрене бастайды және тері тітіркенуі азайып, қайта 
өскен түктеріңіз жұқа және жұмсақ бола бастайды. Үш күн ішінде терінің тітіркенуі кетпесе, 
дәрігерге көрінгеніңіз жөн.
 - Шам жарығынан көрмей қалу жағдайын болдырмау үшін «Opti-light» шамына тура қарауға 
болмайды.
 - Эпилятордың жұлатын басын қосымшасыз пайдалануға болмайды.
 - Құралды 5°C температурасынан төмен 35°C температурасынан жоғары жерлерде ұстауға 
болмайды. 
 - Эпилятордың дыбыс күшінің деңгейі (Lw) 70 дБ(A) құрайды.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электрoмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес 
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл 
құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.
ҚазаҚша
7