Candy FET 929 XL JV Benutzerhandbuch

Seite von 21
•  ЕСКЕРТУ:  Тұрмыстық  электр  аспабы  жəне  оның  ашық  бөліктері  жұмыс  уақытында  жоғары 
температураға дейін қызуы мүмкін. Қауіпсіздікті сақтаңыз, оларға қолыңызды тигізбеңіз.
• Үлкендердің қарауынсыз 8 жасқа дейінгі балалар тұрмыстық аспапқа жақындамауы қажет.
• Аталмыш тұрмыстық электр аспапты  8 жастан үлкен балалар, сонымен қатар егер  ол  адамдар  
қауіп-қатердің  бар  екендігінен  хабардар  болса, физикалық жəне сана-сезімі дамымаған немесе 
қажетті тəжірибесі жоқ адамдар қолдана  алады.
• Балалардың тұрмыстық  аспаппен ойнауына жол бермеңіз.
•  Үлкендердің  қарауынсыз  тұрмыстық  аспапты  балалардың  тазалауына  немесе  жөндеуіне 
болмайды.
• Тұрмыстық аспап жұмыс уақытында жоғары температураға дейін қызады. Қауіпсіздікті сақтаңыз, 
пештің ішкі бөлігінде орналасқан қыздыру бөлшектеріне тиіп кетуден сақ болыңыз.
•  ЕСКЕРТУ:  Тұрмыстық  электр  аспабы  жəне  оның  ашық  бөліктері  жұмыс  уақытында  жоғары 
температураға дейін қызуы мүмкін. Кішкентай балалардың оған жақындауына жол бермеңіз.
•  Пештің  əйнек  есігін  тазалау  үшін  абразивті  тазартқыш  құралдарды  жəне  темір  қырғыштарды 
қолдануға болмайды, өйткені олар жоғарғы қаптаманы сырып тастайды жəне əйнектің сынуына 
əкеп соғады.
•  Қалқанды  шешпей  тұрып,  пешті  өшіру  керек.  Тазалау  жұмысын  аяқтаған  соң,  қалқанды 
нұсқаулықта көрсетілгендей өз орнына орнату керек.
• Осы  пешке  арналған  температураны  өлшеу  құрылғысын  ғана  қолданғаныңыз  жөн.
• Тазалау үшін бу генераторын қолдануға тыйым салынады.
• ЕСКЕРТУ: Пештің шамын ауыстырардың алдында, электр тогына түсіп қалмау үшін пешті өшіру 
керек.
• Тұрмыстық аспаптың қуат көзіне қосылуы электр қауіпсіздігі ережелері мен нұсқауларына сəйкес 
айырғыш құрылғы арқылы қосылуы тиіс.
Нұсқаулықта  электр  сымының  типі  берілуі  тиіс.  Сонымен  қатар  электр  аспабының  артқы 
қабырғасының температурасы ескерілуі тиіс.
• Қуат көзі сымы зақымданған жағдайда ол арнайы қуат көзі сымымен айырбасталуы тиіс, оны сіз 
өндірушіден немесе техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкерінен ала аласыз.
•  НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ:  Жылу  сақтау  құрылғысына  қатысты  кездейсоқ  лақтыру  қауіпсіздігінен 
сақтану  мақсатында,  аталмыш  тұрмыстық  электр  аспабы  сыртқы  ажыратқыш  құрылғыларына, 
мысалы, электр аспабын сырттай ұдайы қосып немесе өшіріп отыратын таймерге немесе басқа да 
құрылғыларға қосылмауы тиіс.
НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ:  Гриль  бағдарламасын  қолданғанда  пештің  сыртқы  бөлшектері  жоғары 
температураға дейін қызуы мүмкін. Пешке балалардың жақындауына жол бермеңіз.
• Тазалаудың  алдында төгілген сұйықтықты сүрткен жөн.
Пиролитикалық  өздігінен  тазалау  үрдісі  кезінде  үстіндегі  бөлшектер  əдеттегіге  қарағанда 
қаттырақ қызуы мүмкін. Пешке балалардың жақындауына жол бермеңіз.
  ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ                                                                                          
12 KZ
Бұл  аспаптың  Электр  және  электрондық  жабдық  өндірісінің  қалдықтары  (WEEE)  туралы  2012/19/ЕО  еуропалық 
директивасына  сәйкес  таңбаламасы  бар.  Электр  және  электрондық  жабдық  өндірісінің  қалдықтарының  құрамында 
ластаушы заттектер (қоршаған ортаға теріс ықпал етуі мүмкін) және негізгі компоненттер (екінші қайтара пайдалануға 
жататын) болады. Электр және 
электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының барлық ластаушы заттектерді кетіру және кәдеге жарату, сондай-ақ 
барлық  материалдарды  қалпына  келтіру  және  қайтадан  пайдалану  мақсаттарында  арнайы  өңдеуге  жатқызылғаны 
маңызды.
Әркім де электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтары туғызатын экологиялық проблемалардың алдын алуға елеулі 
үлес қоса алады; ол үшін бірнеше негізгі ережелерді ұстану маңызды:
 Электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын тұрмыстық қалдықтар секілді жаратуға болмайды.
  Электр  және  электрондық  жабдық  өндірісінің  қалдықтарын  жергілікті  билік  органдары  немесе  тіркелген  компаниялар 
бақылайтын жинау пункттеріне табыстау керек. Көптеген елдерде электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының 
көп көлемі болған кезде, қалдықтарды үйден жинау жүзеге асырылады.
 Жаңа аспапты сатып алған кезде ескі аспапты бөлшек сауда кәсіпорнына қайтаруға болады, егер ол аспаптар баламалы типті 
және қайтарылатын аспап сатып алынатын аспап секілді функцияларға ие болса, ол оны өзара-бірдей сәйкестік негізінде тегін 
қабылдауға міндетті.