Candy FET 929 XL JV Benutzerhandbuch

Seite von 21
14 KZ
ДУХОВКАНЫ  ОРНАТУ  АРНАЙЫ  ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУ 
ОРТАЛЫҒЫНЫҢ  ҚЫЗМЕТКЕРІ    АРҚЫЛЫ  НЕМЕСЕ  МАМАН 
АРҚЫЛЫ, НЕ БІЛІКТІ МАМАН АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ 
ТИІС. 
Бұл  аспап  қолданыстағы  ережелер  мен  талаптарға  сәйкес 
орнатылуы тиіс. 
Ондай  ережелер  мен  талаптарды  орындамаған  жағдайда 
өндіруші кәсіпорын жауапкершілікті өз мойнына алмайды.
Духовка қауіпсіздік талаптарына және белгіленген ережелерге 
сай жерге қосу полюсі берік, үш полюсті ашасы бар қуат бауы 
арқылы қосылуы тиіс.
Духовканы қуат көзіне қосу барысында сәйкес сақтандырғышы 
бар,  духовканы  дұрыс  жұмыс  істеуі  үшін  кесілген  қуат  бауын 
қолданғаныңыз жөн.
Қуат  көзіне  қосу:  Аталмыш  аспап  тек  электроаспапқа 
қосылатын  230В  қуатты  сымымен  жабдықталған  –  бұл  фаза 
аралық немесе фаза мен бейтарап аралық қуат сымы. 
Қуат көзіне қосардан бұрын мыналарды тексеру қажет:
- электрсанауышта белгіленген қуатты;
- автоматты сөндіргіш тетігінің бар екенін.
Аспапты  жерге  қосу  сымы  (сарғыш-жасыл)  үйдің  жерге  қосу 
құрылғысына бекітілуі тиіс. Аспапты қуат көзіне қосардан бұрын 
үйдің жерге қосу құрылғысын  білікті электрик тексеруі қажет.
Ескерім. Қызмет көрсету орталығы арқылы іске асатын аспапты 
техникалық жөндеуден өткізу қажет екенін есте сақтаңыз. Сол 
себепті  аша  қол  жетімді  жерде  орналасуы  тиіс.  Қуат  бауын 
ауыстыру  қызмет  көрсету  орталығының  қызметкері  немесе 
білікті  маман  арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс.Ауыстыру 
барысында  нұсқаулықта  берілген  аспаптың  сипаттамасына 
жүгінген жөн.І дәрежелі токқа түсіп қалудан сақтану.
1.5. ҚУАТ КӨЗІНЕ ҚОСУ
1.6 АСПАПТЫҢ  ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕРІ
Духовканың  қосалқы  жабдықтарын  алғаш  қолданардың 
алдында оларды ысқышпен жуған жөн.
Сонан  соң  оларды  жақсылап  таза  суда  шайыңыз  және 
құрғатып сүртіңіз. 
Қарапайым  шілтер  пісіруге  арналған  қалыптар  мен  ыдысты 
қоюға арналған.
Тұғырық  грилде  тамақ  дайындаған 
кезде    шырынды  жинау  үшін 
қолданылады.
Ол тек грильде, не істікте немесе 
желдетуі бар грильде қолданылады 
(моделіне байланысты); 
басқа режимдерде оны қолданбаған 
жөн. Шырынды жинап, тұғырықты 
қуыру  табасы  ретінде  қолдануға   
болмайды,  өйткені  түтін  пайда 
болады және духовканың   қабырғаларына май сіңіп қалады.
ПИЦЦАҒА АРНАЛҒАН ЖИНАҚ                      
пицца әзірлеу үшін шығарылған.  Жоғары  
нәтижеге  қол  жеткізу  үшін  "Пицца" 
функциясымен бірге қолданған дұрыс.
A
1 -  Бекіту  бұрандаларын  сағат  тіліне  қарсы  бағытқа  бұрап 
ағытыңыз.
2 - Металл бағытауыштарды өзіңізге тарту арқылы ғытыңыз.
3  -  Металл  бағыттауыштарды  ыдыс-аяқтарды  жуу 
машинасымен немесе ылғал ысқышпен  жуып  тазалаңыз.
4  -  Осыдан  соң  металл  бағыттауыштарды  1  және  2 
пункттарды  кері  реттілік  бойынша  қайтадан    духовка 
шкафына орнатыңыз.
5 - Бұрандаларды бекітіңіз.                                                                      
Егер қосалқы  жабдықтарды  қолданбайтын болсаңыз, 
оларды духовкадан шығарып қойыңыз.
Металл бағыттауыштарды тазалау
және бөлшектеу