Candy FET 929 XL JV Benutzerhandbuch

Seite von 21
5. ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
COOK LIGHT" функциясы сізге тоңмай мен май мүмкіндігінше аз пайдаланылатын денсаулыққа 
анағұрлым  пайдалы  тәсілмен  тамақ  пісіруге  мүмкіндік  береді.  Грильдің  және  ауаны  лүпілдік 
жіберетін  конвектор  желдеткішінің  ұштастығын  пайдаланудың  арқасында,  өнімдерде 
ылғалдылық  сақталып,  дайындаудың  қысқа  уақыты  кезіндее  тағамның  дәмі  үшін  нұқсансыз 
қабықша түзіледі. Бұл функция әсіресе ет пісіру, грильде көкөніс пен омлеттер қақтау үшін жақсы. 
Ауаны  лүпілдік  жіберетін  цикл  духовканың  ішіндегі  ылғалдылықты  және  өнімдердегі  ылғал 
құрамын  сақтап,  тағамның  нәрлілік  құндылығының  сақталуы  мен  дайындау  үдерісінің 
жылдамдығын  қамтамасыз  етеді.  Өзіңіздің  барлық  рецепттеріңізді  майлар  мен  тұздықтардың 
өзіңіз  әдетте  пайдаланатыннан  азырақ  көлемін  қолданумен  дайындап  көріңіз  және  осы  жаңа 
режимнің оңайлығын сынаңыз.
Функцияның
белгісі
Белгіленген
және
орнатылған Т °С
Электронды
бағдарламаушысы
бар моделі
(Type А)
Т °С орнату
Термостаты
бар моделі
Модельге сәйкес фунциялар
Жарықтануды қосады
Еріту. Бұл режим орнатылған кезде мұздалған өнімдердің сапасына зиян келтірмей олардың 
құрамын өзгертпей  бірнеше минуттың ішінде еріту мақсатында бөлмелік температурада  
вентилятор іштегі ауаны айналдырады.
Спринтер.  Бұл режим алдын ала қыздыру үрдісін жылдамдатады. Оны орнатқан соң духовка 
бірден қыза бастайды (мысалы 200° С температураға қол жеткізу үшін бары-жоғы 8 минут қана 
қажет). Қажетті температураны температураны реттеуіш түймешігі арқылы орнатуға болады. 
0
Алдын ала қыздыру уақытының аяқталғанын басқару панеліндегі « С» белгісі көрсетеді. «С» 
бақылау шамы өшкенде алдын ала қыздыру айналымы аяқталады, осыдан кейін дайындау 
режимін таңдауға болады.   Алдын ала қыздыру үрдісі аяқталмағанша тағамды дайындауға 
қоймаған жөн, әйтпесе оның дәмін бұзып алуыңыз мүмкін.
Қалыпты режим
Жоғарғы және төменгі қыздыру бөлшектері қолданылады. Алды ала духовканы қыздырыңыз, 
шамамен 10 минуттай уақыт. Режим дәстүрлі қуыру және пісіру үшін өте тиімді. Сиыр еті, бұзау 
еті және шошқа етін қуырғанға, ростбиф, қойдың аяғын, жабайы құс етін, нан, фольгаға оралған 
тағамдарды, қаптама қамырдан жасалған тағамдарды дайындағанға өте қолайлы. Тағамды 
духовканың ішіне ортаңғы деңгейіне қойыңыз.
Конвекциямен дайындау (а)
Біз сізге осы режимді тауықты, әртүрлі тоқаштарды және көкөністерді әзірлегенде қолдануға 
ұсыныс    береміз.  Ыстықтың  жақсы  көтерілуіне  байланысты,  алдын  ала  қыздыру  және 
дайындау уақытын да азайтады. Бірден әртүрлі тағамдарды әр деңгейде дайындауға, алдын 
ала  қыздырумен  немес  қыздырусыз  болады.  Бұл  режим  ыстықты  түрлендіреді  сондықтан 
иістер  араласпайды.  Бір  уақытта  бірнеше  тағамды  дайындағанда  уақытты  10  минут  артық 
қосқаныңыз жөн. 
Soft cook (а)
Бұл  функция  кондитерлік  өнімдерді  және  нан  пісіруге  арналған.  Конвекцияның  төмен 
жылдамдығына  байланысты    духовканың  ішіндегі  ылғалдық  артады.  Ылғалдықтың  жоғары 
болуы  иленгіш  сұйықтықтағы  тағамдарды  дайындау  үшін  өте  ыңғайлы  жағдай  туғызады 
(мысалы, бәліштер, нан, печенье) және олар ойылмай піседі.
Конвекция + төменгі қыздыру элементі (а)
Төменгі қыздыру элементі конвекциямен бірге қолданылады, ол духовканың ішіндегі ауаның 
айналымын қамтамасыз етеді.   Бұл режим қаптама қамырдан жасалған тағамдар, тарталет 
және паштеттер әзірлеуге өте ыңғайлы. Кеуіп кетуден сақтайды және бәліш, нан және басқа да 
төменгі  деңгейде  әзірленетін  тағамдардың    көтерілуіне  ықпал  жасайды.  Тағамды  төменгі 
деңгейге орналастырыңыз.
Гриль: гриль режимін қолданғанда есік жабық күйінде болуы қажет.
Тек жоғарғы қыздыру элементі қолданылады және температураны реттеуге болады. Қып-қызыл 
ыстық қалыпқа қол жеткізу үшін алдын ала қыздыруға   5 минут жеткілікті. Люля-кебаб, гриль 
және тағы басқа тағамдарды дайындағанға жақсы. Ақ етті грильден алшағырақ орналастырған 
жөн: дайындау уақыты ұзағырақ болады, алайда тағам өте дәмді болады. Қызыл ет пен балық 
етін әзірлегенде шілтерге тұғырықты кигізген жөн, онда шырынның жиналуы үшін.
Супер гриль: духовкада гриль әзірлеу екі режимі қарастырылған
Гриль: 2200 Вт       Гриль СУПЕР: 3000 Вт
Конвекциялы гриль: конвекциялы грил режимін қолданғанда есік жабық күйінде болуы 
қажет.
Жоғарғы қыздыру элементі конвекциямен бірге қолданылады, ол духовканың ішіндегі ауаның 
айналымын қамтамасыз етеді. Қызыл етті дайындау алдын ала қыздыруды талап етеді, ал ақ 
етті дайындағанда оның қажеті жоқ. Бұл режим қалың   ет тілімдерін, тұтас етті, қуырылған 
торай мен тауық секілді және тағы басқа тағамдарды әзірлеуге өте ыңғайлы. Орта деңгейге 
орнатылған  шілтердің  ортасына  тағамды  орналастырыңыз.  Шырынды  жинау  үшін  шілтерге 
тұғырықты  кигізіңіз.  Тағам  грильге  өте  жақын  орналаспағанына  көз  жеткізіңіз.  Белгіленген 
уақыттың жартысына келгенде тағамды аударыңыз.
50 істік:  істік режимін қолданғанда  духовканың есігі жабық болуы тиіс. 
Бұл режимде жоғарғы қыздыру элементі қолданылады. Қыздыру температурасы талапқа сай 
реттеледі. Істік режимін орта көлемді тағамдарды дайындағанда қолданған жөн.   Бұл режим 
дәстүрлі  әдісте  қуырылған  еттің  дәмін  ерекшелегенге  өте  ыңғайлы.    Істік  режимінде  тағам 
дайындауда алдын ала қыздыруды қажет етпейді. 
Пицца режимі 
Бұл режимде ауа духовканың ішінде жақсы алмасады, сондықтан пицца немесе итальяндық 
бәліш фокачча сияқты тағамдарды әзірлегенде керемет нәтижеге қол жеткізесіз.
* CENELEC EN 50304  сәйкес сынақтан өткен
** CENELEC EN 50304  сәйкес электржарығын қанша мөлшерде қолданатынын анықтауға байланысты сынақтан өткен
(а) кейбір модельдерде: конвекция жылдамдығын өзгертуге арналған «Vario Fan»   режимі   Candy-дің ерекше өңделген жобасы болып табылады, бұл 
дайындау нәтижесін жақсарту үшін және температура мен ылғалдықты реттеу үшін жасалған. «Vario Fan» - ол өз бетімен қосылатын жүйе, сәйкес режимді 
таңдағанда ол конвекцияның жылдамдығын автоматты түрде өзгертеді: бұл функция басқару панелінің көрінетін жерінде орналасқан. 
18 KZ