Brother PJ-773 Wichtige Sicherheitsanweisungen

Seite von 13
1
Қазақша
Кіріспе
PJ-722/PJ-723/PJ-762/PJ-763/PJ-763MFi/PJ-773 (мəтін бойынша «принтер» деп аталады) 
сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз.
Принтермен бірге берілетін құжаттар, оның ішінде Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы (осы құжат) 
жəне Пайдаланушы нұсқаулығы (CD-ROM дискісінде қамтылған) қолдану кезіндегі сақтық 
шаралары мен нұсқауларды қамтиды.
Бағдарламалық құралды жəне принтерді желіде пайдалану туралы ақпаратты Brother 
Solutions Center орталығындағы Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Принтер құжаттамаларының ең соңғы нұсқасын support.brother.com/ мекенжайы бойынша 
Brother Solutions Center веб-сайтынан алуға болады. 
Кейінірек қарау үшін барлық құжатты сақтап қойыңыз.
Маңызды ескерту
Бұл құжаттың мазмұны ескертусіз өзгертіледі.
Бұл құжат мазмұнының жартылай немесе толығымен көшірмесін рұқсатсыз жасауға 
немесе оны қайта жазуға болмайды.
Біз жер сілкінісінен, өрттен, басқа апаттардан, үшінші тараптардың əрекеттерінен, 
пайдаланушының қасақана немесе немқұрайлы əрекетінен, басқа арнайы шарттар 
бойынша дұрыс пайдаланбаудан немесе қолданбаудан болған зақымдарға жауапты 
емеспіз.
Біз принтерді пайдаланудан не пайдалана алмау нəтижесінен болуы мүмкін зиянға 
(мысалы, жоғалу, бизнес пайдасының шығыны, жоғалтқан пайдалар, бизнестің бұзылуы 
немесе байланыс құралдарының жоғалуы) жауапты емеспіз.
Егер принтер жасалған кезде кеткен ақаулыққа байланысты дұрыс істемесе, біз оны 
кепілдік мерзімінде ауыстырамыз немесе жөндейміз.
Біз үйлеспейтін жабдықты қосу не үйлеспейтін бағдарламалық құралды пайдалану 
арқылы принтерді дұрыс қолданбаудан болуы мүмкін зияндарға жауапты емеспіз.