Brother PJ-773 Wichtige Sicherheitsanweisungen

Seite von 13
3
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
 ҚАУІПТІ
Зарядталмалы литий-ионды батарея (қосымша)
Зарядталмалы литий-ионды батарея үшін келесі сақтық шараларын мұқият тексеріңіз (бұдан 
əрі қарай «зарядталмалы батарея» деп аталады). Егер бұл сақтық шаралары сақталмаса, 
батареяның қызып кетуі, сұйықтық ағуы немесе шытынауы нəтижесінде қысқа тұйықталуы, 
жарылуы, түтіндеуі, өрт шығуы, ток соғуы, сізді немесе басқа адамды зақымдауы, не болмаса 
өнімді немесе басқа мүлікті бүлдіруі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны арналған мақсатына ғана пайдаланыңыз. Принтер мен қайта 
зарядталатын батарея бірге ғана пайдалануға арналған. Зарядталмалы батареяны басқа 
принтерге немесе принтерге басқа зарядталмалы батареяны САЛМАҢЫЗ, əйтпесе өрт 
шығуы немесе зақым келуі мүмкін.
Зарядтау үшін оны принтерге салып, осы принтерге арнайы жасалған айнымалы ток 
адаптерін немесе көлік адаптерін пайдаланыңыз.
Зарядталмалы батареяны оттың жанында немесе күн сəулесі түсетін жерде зарядтауға 
БОЛМАЙДЫ. Бұл қатты ыстықтан қауіптің алдын алуға арналған қорғау схемасын қосуы 
мүмкін. Қорғау схемасының іске қосылуынан зарядталудың тоқтауы, қорғау схемасының 
ақаулығынан артық токпен немесе кернеумен зарядталуы не қайта зарядталатын 
батареяда химиялық реакцияның дұрыс жүрмеуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны зарядтағанда, зарядталмалы батареяға арнайы жасалған 
батарея зарядтау құрылғысын ғана пайдаланыңыз.
Сымдарды немесе басқа металл заттарды зарядтамалы батареяның ұштарына тигізуге 
БОЛМАЙДЫ. Зарядталмалы батареяны алқа не түйреуіш сияқты металл заттармен 
бірге ұстауға БОЛМАЙДЫ. Бұдан сымдар қысқа тұйықталуы жəне сымдар, алқалар 
не түйреуіштер сияқты металл заттар қызып кетуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяны оттың, қыздырғыштардың жанында не басқа температурасы 
жоғары (80 °C-тан жоғары) жерлерде пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяға су тигізуге немесе оны суға салуға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяны тұзды ауа, тұзды су, қышқылдар, сілтілер, коррозиялық газдар, 
химиялық заттар немесе коррозиялық сұйықтық сияқты коррозиялық ортада пайдалануға 
БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батарея зақымдалса немесе сұйықтық ақса, оны пайдалануға БОЛМАЙДЫ.
Зарядталмалы батареяның қосылған жерлерін тікелей дəнекерлеуге БОЛМАЙДЫ. Бұдан 
ішкі изоляция еруі, газ шығуы немесе қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істемеуі мүмкін.
Зарядталмалы батареяның (+) (-) полюстерін керісінше салуға БОЛМАЙДЫ. Зарядталмалы 
батареяны салмастан бұрын, оның бағытын тексеріңіз жəне зарядталмалы батареяны 
принтерге күштеп салмаңыз. Полюстерін керісінше салып, зарядтаудан зарядталмалы 
батареяда химиялық реакцияның дұрыс жүрмеуі немесе зарядсыздану кезінде ток 
ағынының дұрыс болмауы мүмкін.
Зарядталмалы батареяны тұрмыстық ток көзіне тікелей жалғауға БОЛМАЙДЫ.