Samsung NV75J5540RS/WT Benutzerhandbuch

Seite von 304
Казақ 19
Істі бастау алдында
Rotisserie істігі *
Rotisserie істігін тауықтан гриль жасау үшін қолдануға болады. Істік 
адаптері бар
4-ші деңгейде rotisserie істігін Бір режим функциясын пайдаланып 
ғана қолданыңыз. Гриль жасап тұрған кезде істіктің тұтқасын бұрап 
алыңыз.
Rotisserie істігі және 
кәуап істігі *
Тағам пісірген кезде тамшылаған сөлді жинау үшін науаны 
1-деңгейге немесе үлкен ет мәзірін пісірген кезде пештің табанына 
қойыңыз. Салмағы 1,5 кг-ға жетпейтін ет пісірген кезде істіктің керек-
жарақтарын пайдалануды ұсынамыз.
1.  Етке істікті шаншыңыз. Істікті сұғу үшін істіктің ұстағышын доғал 
ұштыққа бұрауға болады.
2.  Буға пісірілген картоптар мен көкөністерді еттің айналасына 
қойыңыз.
3.  Аспаны ортаңғы сөренің орнына қойыңыз да, “V” жағын алдына 
қаратып қойыңыз. Істіктің сүйір ұшын арт жаққа қаратып аспаның 
үстіне қойыңыз да, істіктің ұшы пештің арт жағында орналасқан 
айналдырғыш механизмге кіргенше баппен итеріңіз. Істіктің доғал 
ұшы “V” пішімінің үстіне қойылуы керек. (Істіктердің сонымен 
пештің есігіне жақын орнатылатын, істік алға жылжып кетуге жол 
бермейтін екі тетігі бар, бұл тетіктер сонымен қатар тұтқаның 
ұстағышы ретінде де қолданылады.)
4.  Тағам пісірер алдында тұтқаны ағытыңыз.
5.  Тағам пісіріп болғаннан кейін істікті аспадан ағыту үшін ұстағышты 
қайта бұраңыз.
Cырғытпа жолдар *
Cырғытпа жолдың бағыттағышын науаны төмендегідей орнату үшін 
пайдаланыңыз.
1.  Жолдың бағыттағышын пештен шығарып созыңыз.
2.  Науаны жолдың бағыттағышына қойып, жолдың бағыттағышын 
пештің ішіне қарай сырғытыңыз.
3.  Пештің есігін жабыңыз.
Бөлгіш құрал
Бөлгіш құрал пешті екі бөлікке бөлуге арналған. Бөлгіш құралды Қос 
режим көмегімен пісіру үшін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ
Жұлдызшамен (*) белгіленген керек-жарақтардың қолжетімділігі үлгі түріне байланысты.
NV75J5540RS_WT_DG68-00616J-01_KK.indd   19
2015-05-20   �� 5:01:06