Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
Барлық жерсерік арналары дайын
 
 
- Бір кабель жүйесін пайдалансаңыз, «Бір кабель
параметрлері» терезесінде жерсерік қабылдағышына бірегей
пайдаланушы жолағының нөмірі тағайындалғандығын
тексеріңіз. Басқа жерсерік қабылдағышы бірдей пайдаланушы
жолағының нөмірін қолданып жатқан болуы мүмкін.
Кейбір жерсерік арналары тізімге сақталмаған сияқты
 
 
- Кейбір арналар жоғалған немесе дұрыс орналаспаған болса,
таратушы бұл арналардың транспондер орнын өзгерткен
болуы мүмкін. Арналар тізіміндегі арна орындарын қалпына
келтіру үшін арна бумасын жаңартып көруіңізге болады.
Жерсерікті жоя алмаймын
 
 
- Жазылым бумалары жерсерікті жоюға рұқсат етпейді.
Жерсерікті жою үшін толық орнатуды қайта орындап, басқа
буманы таңдауыңыз керек.
Кейде қабылдау сигналы нашар болады
 
 
- Жерсерік тарелкасы берік түрде орнатылғанын тексеріңіз.
Қатты желдер тарелканы жылжытуы мүмкін.
- Қар мен жаңбыр қабылдауды нашарлатуы мүмкін.
32