Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
8
Теледидар нұсқаулығы
8.1
Теледидар нұсқаулығын
пайдалану
Не қажет
Теледидар нұсқаулығымен арналардың ағымдағы және
жоспарланған теледидар бағдарламаларының тізімін көруге
болады. Теледидар нұсқаулығы ақпаратының (деректерінің)
берілген жеріне байланысты аналогтық және сандық арналар
немесе тек сандық арналар көрсетіледі. Теледидар
нұсқаулығы ақпаратын барлық арналар ұсынбайды.
Теледидар теледидарда орнатылған (мысалы, Теледидарды
көру көмегімен көретін арналар) арналар үшін теледидар
нұсқаулығының мәліметтерін жинай алады. Теледидар сандық
қабылдағыштан көрілген арналар үшін теледидар
нұсқаулығының мәліметтерін жинай алмайды.
Теледидар нұсқаулығын ашу
Телебағдарламалар кестесін ашу үшін 
 TV
GUIDE
 (ТЕЛЕДИДАР НҰСҚАУЛЫҒЫ) түймесін басыңыз.
Жабу үшін 
 TV GUIDE  (ТЕЛЕДИДАР НҰСҚАУЛЫҒЫ)
түймесін қайтадан басыңыз.
Теледидар нұсқаулығын бірінші рет ашқанда бағдарлама
ақпараты үшін теледидар барлық телеарналарды тексереді.
Бұған бірнеше минут кетуі мүмкін. Теледидар нұсқаулығының
деректері теледидарда сақталады.
Бағдарламаны реттеу
Бағдарламаға ауысу
 
 
Теледидар нұсқаулығынан ағымдағы бағдарламаға ауысуға
болады.
Бағдарламаны таңдау үшін көрсеткі пернелерді пайдаланып
бағдарлама атауын бөлектеңіз.
Сол күні кейінге жоспарланған бағдарламаларды қарау үшін
оңға жылжыңыз.
Бағдарламаға (арнаға) ауысу үшін, бағдарламаны таңдап, 
OK
түймесін басыңыз.
Бағдарлама мәліметтерін қарау
 
 
Таңдалған бағдарламаның мәліметтерін шақыру үшін 
 INFO (АҚПАРАТ) түймесін басыңыз.
Күнді өзгерту
Теледидар нұсқаулығы алдағы күндер (ең көбі 8 күн) үшін
жоспарланған бағдарламаларды көрсетеді.
Телебағдарламалар кестесі ақпараты таратушыдан келсе,
келесі күндердің біріндегі кестені көру үшін 
 + түймесін
басыңыз. Алдыңғы күнге оралу үшін 
  түймесін басыңыз.
Сонымен қатар, 
 OPTIONS (ОПЦИЯЛАР) түймесін
басып, 
Change day (Күнді өзгерту) пәрменін таңдауыңызға
болады.
Кесте күнін таңдау үшін, 
Алдыңғы күн, Бүгін немесе Келесі
күн тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жанр бойынша іздеу
Ақпарат қол жетімді болса, жоспарланған бағдарламаларды
фильмдер, спорт, т.б. сияқты жанр бойынша іздеуге болады.
Бағдарламаларды жанр бойынша іздеу үшін 
 OPTIONS
(ОПЦИЯЛАР) түймесін басып, Search by genre (Жанр
бойынша іздеу) тармағын таңдаңыз.
Жанрды таңдап, 
OK түймесін басыңыз. Табылған
бағдарламалар тізімі пайда болады.
33