Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
15
Ақаулықтарды жою
және қолдау
15.1
Ақаулықтарды шешу
Арналар
Орнату кезінде ешқандай сандық арналар табылмады
 
 
Сіздің еліңізде теледидар DVB-T немесе DVB-C пішімін
қолдайтынын тексеру үшін техникалық сипаттамаларды
қараңыз.
Барлық кабельдер дұрыс қосылғанын және дұрыс желі
таңдалғанын тексеріңіз.
Алдында орнатылған арналар арналар тізімінде жоқ
 
 
Дұрыс арналар тізімі таңдалғанын тексеріңіз.
Жалпы ақпарат
Теледидар қосылмайды.
 
 
- Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Бір минут күтіңіз де,
қайта қосыңыз.
- Қуат кабелі берік қосылғанын тексеріңіз.
Іске қосылу немесе өшу кезіндегі сықырлаған дыбыс
 
 
Теледидарды қосып, өшіріп немесе күту режиміне орнатып
жатқанда теледидардың корпусынан сықырлаған дыбысты
естисіз. Сықырлаған дыбыс теледидардың сууы және жылуы
кезіндегі қалыпты кеңею және тарылуына байланысты
болады. Бұл өнімділікке әсер етпейді.
Теледидар қашықтан басқару құралына жауап бермейді
 
 
Теледидардың іске қосылуына біраз уақыт қажет. Бұл
уақытта теледидар қашықтан басқару құралына немесе
теледидарды басқару тетіктеріне жауап бермейді. Бұл —
қалыпты әрекет.
Егер теледидар қашықтан басқару құралына одан әрі жауап
бермей жатса, ұялы телефонның камерасы арқылы қашықтан
басқару құралы жұмыс істеп жатқанын тексеруге болады.
Телефонды камера режиміне өткізіп, қашықтан басқару
құралын камера объективіне бағыттаңыз. Егер қашықтан
басқару құралында кез келген пернені бассаңыз және
камерада инфрақызыл жарық диодының жыпылықтауын
байқасаңыз, қашықтан басқару құралы жұмыс істеп тұр.
Теледидарды тексеру керек.
Егер жыпылықтауды байқамасаңыз, қашықтан басқару құралы
бұзылған болуы немесе батареялардың заряды төмен болуы
мүмкін.
Бұл қашықтан басқару құралын тексеру әдісі теледидармен
сымсыз жұптастырылған қашықтан басқару құралдарында
мүмкін емес.
Philips бастапқы экранын көрсеткеннен кейін теледидар
қайтадан күту режиміне өтеді
 
 
Теледидар күту режимінде болғанда, Philips бастапқы экраны
көрсетіледі, содан кейін теледидар күту режиміне оралады.
Бұл — қалыпты әрекет. Теледидар қуат көзінен ажыратылса
және қайта қосылса, келесі іске қосылғанда бастапқы экран
көрсетіледі. Теледидарды күту режимінен қосу үшін
қашықтан басқару құралында немесе теледидарда басыңыз.
Күту режимінің шамы жыпылықтай береді
 
 
Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Қуат кабелін қайта
қоспай тұрып, 5 минут күтіңіз. Егер қайта жыпылықтаса,
Philips теледидарының тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
Қате мәзір тілі
 
 
Тілді қайта өз тіліңізге өзгертіңіз.
1. 
 түймесін басып, Setup (Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да, 
OK түймесін басыңыз.
2. 
TV settings (ТД параметрлері) > General settings (Жалпы
параметрлер) > Menu language (Мәзір тілі) тармағын таңдап, 
OK түймесін басыңыз.
3. Қажет тілді таңдап, 
OK пернесін басыңыз.
4. Қажет болса, мәзірді жабу үшін 
 түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Сурет
Сурет жоқ / бұрмаланған сурет
 
 
- Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дисплей көзі ретінде дұрыс құрылғы таңдалғанын
тексеріңіз.
- Сыртқы құрылғы немесе көз дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ
 
 
- Сурет параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Антеннаның қабылдауы нашар
 
 
- Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дауыс зорайтқыштар, жерге қосылмаған аудио құрылғылар,
неон шамдар, биік ғимараттар және басқа үлкен нысандар
қабылдау сапасына әсер етуі мүмкін. Мүмкін болса, антенна
бағытын өзгерту немесе құрылғыларды теледидардан ары
жылжыту арқылы қабылдау сапасын жақсартып көріңіз.
- Тек бір арнада қабылдау нашар болса, сол арнаны дәл
реттеңіз.
Құрылғыдан келетін сурет нашар
 
 
- Құрылғының дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Сурет параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Сурет параметрлері біраздан кейін өзгереді
 
 
67