Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
15.4
Онлайндық анықтама
Philips теледидарына қатысты кез келген мәселені шешу үшін,
желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап,
өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/support сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлердің біреуімен сөйлесіп, сұрағыңызды тікелей
қоюыңызға немесе электрондық пошта арқылы жіберуіңізге
болады.
Теледидардың жаңа бағдарламалық құралын немесе
компьютерде оқу үшін нұсқаулықты жүктеп алуға болады.
15.5
Тұтынушыларды қолдау
орталығы / жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға болады.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады.
Әйтпесе, 
www.philips.com/support сайтына кіруге болады.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
 
 
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға болады.
 Ескерту
 
 
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл ауыр
жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей зақымдауы
немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
69