LG D170 Owner's Manual

Page of 465
66
Сақталған бейнелерді көру
Бейнеіздегіште экранның астындағы кескіннің алдын ала
көрсетілген көрінісін түртіңіз.
Галерея экранға шығады.
Автоматты түрде ойнату үшін бейнені түртіңіз.
Бейнені көру кезінде дыбысты реттеу
Ойнатылып жатқанда бейненің дыбыс деңгейін реттеу үшін
телефонның сол жағындағы дыбыс деңгейі пернелерін
пайдаланыңыз.
Галерея
Барлық мультимедиалық файлдарға оңай қол жеткізу үшін
мультимедиалық файлдарды ішкі және сыртқы жадқа сақтауға
болады. Бұл қолданбаны суреттер және бейнелер сияқты
мультимедиалық файлдарды көру үшін пайдаланыңыз.
Өзіндік бет экранындағы
>
Қосымшалар қойындысы
(қажетінше) >
Галерея   опциясын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: 
Құрылғыда орнатылған бағдарламалық құралға байланысты кейбір
файл пішімдеріне қолдау көрсетілмейді.
Кодтау жолына байланысты кейбір файлдар дұрыс ойнатылмауы
мүмкін.