LG V500 User Guide

Page of 452
34
Күй жолағы – Құрылғының күй ақпаратын, оның 
ішінде уақыт, сигнал күшін, батарея зарядын 
және хабарлау белгішелерін көрсетеді.
Артқа пернесі – Алдыңғы экранға қайтарады. 
Сонымен қатар мәзірлер, диалогтық терезелер 
және экрандағы пернетақта сияқты қалқымалы 
элементтерді жабады.
Қолданба белгішелері – Белгішені (қолданба, 
виджет, қалта, т.б.) ашу және пайдалану үшін 
оны түртіңіз.
Жылдам өту пернелері – Ең жиі 
пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет 
түрту арқылы өтуге мүмкіндік береді.
Негізгі экран пернесі – Негізгі экранға 
қайтарады (немесе кез келген Негізгі экран 
кеңейтімі кенептерінен әдепкі Негізгі экран 
кенебіне қайтарады) Тапсырмалар реттегіші 
қолданбасы мен соңғы пайдаланылған 
қолданбалар тізімін көрсету үшін басып, ұстап 
тұрыңыз.
Мәзір пернесі – Ағымдағы экран немесе 
қолданбаға әсер ететін Опциялар мәзірін ашады. 
Бұл экранға немесе қолданбаға байланысты, қол 
жетімді болған кезде қолданылады.