LG V500 User Guide

Page of 452
35
Басты экранды реттеу
Басты экранды қолданбалар, жүктеулер, виджеттер немесе тұсқағаздар 
қосу арқылы реттеуге болады. Планшеттің пайдаланылуын ыңғайлы ету 
үшін негізгі экранға таңдаулы қолданбалар мен виджеттеріңізді қосыңыз.
Негізгі экранға элементтер қосу үшін:
Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
Қосымшалар немесе Виджеттер қойындысын түртіңіз.
Қалаған элементті қажетті орынға апарып, саусағыңызды көтеріңіз.
Басты экраннан элементті жою үшін:
Жойғыңыз келетін белгішені басып, ұстап тұрыңыз және оны   дейін 
апарып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС! Қолданбалар экранынан негізгі экранға қолданба белгішесін 
қосу үшін, қосылатын қосымшаны түртіп ұстап тұрыңыз және қажетті 
орынға сүйреп апарыңыз.
КЕҢЕС! Қалтаға бірнеше қолданба белгішелерін қосуға болады. 
Негізгі экранда бір қолданба белгішесін басқасының үстіне апарыңыз, 
сонда қалта жасалады.
Жақында пайдаланылған қолданбаларға оралу
Негізгі экран пернесін 
 басып, ұстап тұрыңыз. Экранда соңғы 
пайдаланылған қолданбалардың белгішелері берілген қалқымалы 
терезе көрсетіледі.
Қолданбаны ашу үшін белгішені түртіңіз. Немесе алдыңғы экранға 
оралу үшін 
Артқа пернесін 
 түртіңіз.