LG V500 User Guide

Page of 452
46
Wi-Fi
Wi-Fi арқылы сымсыз кіру нүктесінің (AP) аясында жоғары жылдамдықты 
интернетті пайдалануға болады. Қосымша ақысыз Wi-Fi желісінде 
Интернетті пайдаланыңыз. 
Wi-Fi желілеріне қосылу
Планшеттегі Wi-Fi функциясын пайдалану үшін сымсыз ену нүктесіне 
немесе «кіру нүктесіне» кіруіңіз керек. Кейбір кіру нүктелері ашық 
және оларға оңай қосылуға болады. Басқалары жасырын немесе 
қауіпсіздік мүмкіндіктерін пайдаланады; оларға қосылу үшін планшет 
параметрлерін реттеу керек. Батареяның жұмыс мерзімін ұзарту үшін, 
пайдаланбаған кезде Wi-Fi мүмкіндігін өшіріп қойыңыз. 
Wi-Fi қызметін қосу және Wi-Fi желісіне қосылу
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > 
Баптаулар   > Wi-Fi.
Оны қосу үшін 
 түртіңіз және Wi-Fi желілерін іздеуді бастаңыз.
Белсенді және ауқымдағы Wi-Fi желілері тізімін көру үшін 
Іздеу 
түймесін түртіңіз.
• Қауіпсіз желілерде құлып белгішесі тұрады.
Қосылу үшін, желіні түртіңіз.
• Егер желі қорғалған болса, кілтсөзді немесе басқа мәліметтерді 
енгізу сұралады. (Толығырақ мәліметтерді желі әкімшісінен сұраңыз.)
Күй жолағы Wi-Fi күйін көрсететін белгішелерді көрсетеді.
Желілерге және құрылғыларға қосылу