LG V500 User Guide

Page of 452
47
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен емес, 
іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу үшін Bluetooth 
мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ. 
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе 
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың 
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап 
бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен 
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар 
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы 
қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары 
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы 
мүмкін.
Bluetooth қосу және планжетті Bluetooth құрылғысымен 
жұптастыру
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Қосымшалар қойындысы > 
Баптаулар   > Bluetooth.
Bluetooth функциясын іске қосу үшін Bluetooth қосқышын 
басыңыз.
Планшетті басқа Bluetooth құрылғыларына көрінетін ету үшін 
планшеттің атауының қасындағы құсбелгіні түртіңіз.