LG V500 G Pad 8.3 User Guide

Page of 452
36
Хабарландырулар
Хабарландырулар жаңа хабарлардың келуі, күнтізбе оқиғалары және 
дабылдар, сонымен бірге бейнелерді жүктеп алу сияқты ағымдағы 
оқиғалар туралы ескертеді.
Хабарландырулар тақтасында планшеттің ағымдағы күйін және күтудегі 
хабарландыруларды көруге болады.
Хабарландыру келгенде, оның белгішесі экранның жоғарғы жағында 
пайда болады. Күтудегі хабарландырулардың белгішелері сол жақта 
пайда болады және Wi-Fi немесе батарея қуаты сияқты нәрселерді 
көрсететін жүйелік белгішелер оң жақта пайда болады.
ЕСКЕРТПЕ. Қол жетімді опциялар аймаққа немесе қызмет 
провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Күтудегі 
хабарландырулар
Bluetooth, Wi-Fi және батареяның 
күйі сияқты жүйе белгішелері
Хабарландырулар және баптаулар үшін төмен жанап 
өтіңіз
Хабарландырулар тақтасын ашу үшін күй жолағын төмен қарай 
жанап өтіңіз. Хабарландырулар тақтасын жабу үшін экранның төменгі 
жағындағы жолақты қарай жоғары жанап өтіңіз.